Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
195 материал табылды

Денсаулық • 16 Ақпан, 2024

24/7 дамылдамайтын «103»

Ауру айтып келмейді. Денсаулығына байланысты бұрын-соңды емханада есепте тұрмаған азаматтардың да бір күні жағдайы күрт нашарлауы мүмкін. Күнделікті қым-қиғаш тіршіліктің қамымен жүрген шақта елемеген ауру уақыт өте шалып түседі.

Денсаулық • 14 Ақпан, 2024

Маска тағу режімі қайта енгізілді

Жыл сайын, әсіресе көктем, күз айларында жұқпалы вирустар күшіне мініп, елді әбігерге салып жатады. Осы жолы қызылша асқынғанда балалар жаппай вак­цина салдырып, жұқпалы инфекцияның беті қайтты. Енді, міне, бірер күн бұ­рын еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, вице-министр Айжан Есмағам­бетова ауа-тамшы арқылы жұғатын инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Мәселе • 13 Ақпан, 2024

Мұғалімдер МӘМС-ке неге жете алмай жүр?

Міндетті әлеуметтік меди­цина­лық сақтандыру жүйесі жыл­дан-жылға реттеліп келеді дегенмен әлі де болса кемшін тұс­­тары бар. Жүйеге ай сайын жар­­­насын аударып, сақтандыру па­ке­тінде көрсе­тілген тиісті ме­дициналық көме­­кті ала алма­ғандар сөзімізге дәлел. Жуыр­да Мәжіліс депута­ты Асхат Аймағамбетов осындай келең­­сіз жайттарға мұғалім­дер­дің тап келетінін айтты.

Медицина • 12 Ақпан, 2024

Қалқанша безін емдеудің тың әдісі

Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында қалқанша безінің қатерсіз түйіндерін хирургиялық емес жолмен емдеу әдісі, яғни радиожиілікті абляция алғаш рет енгізілді.

Қоғам • 08 Ақпан, 2024

Істің көзін табуға септеседі

Әр өңірде қысқамерзімді оқу курстарынан өтіп, соның шарапатын көріп отырған тұрғындар баршылық. Елорда әкімдігі тәжірибе жинап, жұмысқа орнығуды көздегендерге мейлінше жағдай жасауға ниетті екенін биыл да байқатып отыр.

Қоғам • 06 Ақпан, 2024

Автобус парктері жүргізушіге жарымайды

Автобустардың жай-күйіне, жүргізушілердің мәдениетіне қатысты соңғы ақпараттарды ақтарғанда, қоғамдық көлікке жауапты мекемелердің жүргізуші тапшылығына алаңдайтынын білдік. Сонда жастар автобус жүргізушісі болудан жасқана ма? Әсте олай емес.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2024

Техникалық шарттардың жарамдылық мерзімі қысқарды

Тұрғын үйлер мен нысандардың иелері көгілдір отынға қосылу үшін, ең алдымен, газ тарату ұйымынан техникалық шарттарды алу керек. Енді қызметтің осы түріне жүгінуді ойлаған тұрғындар табанынан таусылып мекеме кезбейді.

Денсаулық • 02 Ақпан, 2024

Қатерлі ісік – елеусіз қалдыруға болмайтын дерт

Әлем халқы, медициналық қауымдастықтар қатерлі ісікке қарсы күрес жұмыс­тарына келгенде тізе қосып, ұдайы тәжірибе алмасып отырады. Қалай дегенде де ресми деректерге үңілсек, дүние жүзінде қатерлі ісік өлім-жітім де­регі бойынша екінші қатарда тұр. Аурудың қаупін, себеп-салдарын ескеріп, 4 ақпан Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні болып белгіленген.

Медицина • 29 Қаңтар, 2024

Ауыл дәрігерінің мәртебесі артады

Кейінгі жылдағы мұғалім мәртебесіне басымдық беріліп, ауыл мен қала мектептерінің терезесін теңестіруге көп көңіл бөлінгені құптарлық шешім болды. Соның ізімен ауыл медицинасының инфрақұрылымын жаңартуға, жоғын түгендеуге, жалақыны көтеруге ден қойылса, өткен аптада дәрігердің мәртебесін биіктететін тағы бір заң жобасын Мәжіліс депутаттары қабылдап, Сенатқа жолдады.

Жұмыс • 25 Қаңтар, 2024

Жат жұрттан нәпақа іздегендер

Әр елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын­ еңбек миграциясына қарап бағалауға болады. Бізге еңбек мигрант­тары­ Өзбекстан, Қырғызстан секілді көрші, одақтас мемлекеттерден келіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, тағысын тағы бірнеше салада еңбек етсе, ал еліміздің жастары Оңтүстік Кореяға, Еуропаға жол тартады.