Бүгінде халықтың 83%-ы сақтандырылған болса, шамамен 3,3 млн адам МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Енді заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде биыл шамамен 1 млн адам МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады. Бұл тапсырма Мемлекет басшысының «Әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтар үшін медициналық сақтандыруға аударымдар жергілікті бюджет есебінен төленуге тиіс» деген тапсырмасынан соң үйлесті. Тағы бір айтулы жаңалық, енді ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар жергілікті бюджет есебінен төленеді.
МӘМС жүйесіндегі олқылықтар: Қайтыс болған адам дәрігер қабылдауында болған
Бұл қадам халықты жұмыспен қамту мәселелерінде әкімдіктердің жауапкершілігін арттыратыны анық. Облыс әкімдері жұмыс орындарын ашуға, кедейлікті азайтуға, халықты жұмыспен қамтуға қатысты белсенді іс-шаралар қабылдауға бұрынғыдан да ынталы болады. Әйтпесе, бюджет қаражаты есебінен сақтандырылатын азаматтар көбейсе, жергілікті әкімдікке салмақ түсуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікке кез келген өңірдің әкімі жол бермеуге тырысады.
Қазірде МӘМС жүйесінде қосымша міндеттемелердің қосылуына байланысты жүйенің қаржылық жүктемесі күрт өскені байқалады. Осыған байланысты мемлекет тарапынан жарна мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру ұсынылды. Яғни 2027 жылы – 2,2%, 2037 жылға дейін 4,7%-ға дейін біртіндеп өсіру межесі нақтыланған. Бұл ретте жұмыс берушілер мен жұмысшылардың жарна мөлшерлемелері өзгеріссіз қалады. Әрине, бұл қадам МӘМС есебінен медициналық көмектің тиімділігін арттыруға септеседі деген үміттеміз. Егер денсаулық саласында қабылданып жатқан бұдан өзге де жоба-жоспарлар уақтылы іске асса, медицинаға мемлекеттен, МӘМС есебінен бөлінген қаржының тиімділігін жұрт анық көреді.
МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды