Қоғам • Бүгін, 08:35

Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары

0 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Былтыр «Skills Enbek» кәсіптік оқыту платформасында 570 мың азамат, оның ішінде 53,5 мың жұмыссыз онлайн-курс­тарды сәтті аяқтап, сертификат алған. Бүгінде платформада барлығы 1,5 миллионнан астам пайдаланушы тіркелсе, олардың 925,7 мыңы қатарға былтыр қосылыпты.

Бәсеке заманда кәсіп меңгергеннің бәсі жоғары

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Платформа жұмысын бастағалы күні бүгінге дейін шамамен 1,2 млн адам білім алған. Мұнда оқы­ған 56,6 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 16,9 мыңы – 16-35 жас ара­лығындағы жас­тар. Олар негізінен Түркістан (3,5 мың адам), Қостанай (2,8 мың), Қызылорда (2,5 мың), Алматы облыстарынан (2,2 мың), Алматы қаласынан (2,3 мың) екен. «Skills Enbek»-те сертификат алған жұмыс­сыздардың 56%-дан астамын әйелдер құрайды (32 мың адам). Әйелдердің ең жоғары үлесі Түркістан (3,5 мың), Қостанай (2,8 мың), Қызылорда (2,6 мың) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласы мен Қарағанды облысында (әрқайсысында 2,3 мың адам). Білім алғандардың шамамен 26 мыңы ауыл тұрғындары. Олардың басым бөлігі Түркістан (3,2 мың), Қызылорда (2,9 мың) Алматы (2,6 мың) облыстарынан.

«Skills Enbek»-тің сабақтары іске қосылған сәттен бастап авторлар түрлі бағыттарда 1 000-нан астам курс жарияласа, олардың 382-сі тегін негізде. Сабақтардың ұзақтығы 1 сағаттан 72 сағатқа дейін жалғасады. Былтыр ең танымал курстар «IT және телекоммуникациялар», «Аспаз-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: Электрондық еңбек биржасын қалай пайдалануға болады», «Персоналды басқару», «Пішу және тігу» болыпты. Платформада әлеуметтік қызмет көрсету, басқа да бағыттардағы тегін курстардың саны тұрақты түрде артып келеді. Себебі бұл жүйе халықтың білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға, «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Қыз­меттер нарығының маркетплейс қағидатына сәйкес, онлайн-курстарды жылдам әрі оңай ұсынатын халықаралық білім беру платформаларының үлгісімен құрылған.

Онлайн оқудан өткісі келгендер оқу қарқынын, тілін, материалды ұсыну тәсілін өз бетінше таңдап, оқу барысындағы өзінің деңгейін қадағалай алады. Оқуды аяқтау үшін білім алушы 70% шекті деңгейден төмен емес нәтижемен тестілеуден өтуге тиіс. Тек курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыны меңгергені туралы сертификат беріледі. Оқуды аяқтаудың міндетті шарты – курсқа баға берумен байланысты. Сертификатты жүктеу кезінде алған дағдыларға сәйкес, бос жұмыс орындарына «Enbek.kz» сайтындағы ұсыныстар қоса беріледі. Қысқасы, сіздің сертификат алғаныңыз туралы ақпарат электрондық еңбек биржасындағы түйіндемеңізде жаңғырып шыға келеді.

«Skills Enbek»-те онлайн-курс­тарды орналастыру авторлар мен әзірлеушілерге тегін. Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қолжетімді. Әрі ақпаратты ұсынудың түрлі форматтарын қамтуға тиіс деген талап та бар. Оның ішінде мәтін, таныстырылымдар, бейне, аудиоматериалдар, инфографика бар. Платформада ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға интерфейсті бейімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Өткен Жұмысшы маман­­дықтар жылы аясында «Skills Enbek»-те мектеп түлек­тері мен техникалық, кәсіп­тік бі­лім беретін мекеме студент­те­ріне арналған курстар да жарияланған. Оның ішінде «Сенің мансаптық бас­тамаң: электрондық еңбек бир­жасын қалай пайдалануға болады» сабағы мамандықтарға практи­калық сілтеме ретінде қызмет етеді. Мамандық таңдауға, жұмыс іздеу мен өзін таныс­тыру дағдыларын меңгеруге, сондай-ақ электрондық еңбек бир­жасының құралдарын тиім­ді пайдалануға көмектеседі. Бүгін­де осы секілді курстардан 529 мың мектеп оқушысы мен студент өткен. Бұл жобаның сұра­нысқа ие екенін білдіреді.

Соңғы жаңалықтар