Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
323 материал табылды

Қоғам • 06 Ақпан, 2025

«Ң»-ды білмес дымды білмес

«Жана жыл құтты болсын!», деді дап-дардай танысым «ң»-сыз тілек айтып. Оның сөзіндегі «ң» дыбысын баяу есіп тұрған жел жұтқан жоқ. Табиғатынан солай сөйлей ме, әлде аралас тілдің құрбаны ма, ол жағы беймәлім. Осылай әркімнің аузынан «ң» дыбысын іздеп сабылсаңыз, бірталай жерге барып, аялдарымыз да шындық. Сөйтсек, қазір мектептегі оқушыларымыздың көбі «ң»-сыз өмір сүріп келе жатыр екен. Оларға «ң»-ың қайда дейтін мұғалімдер бар ма, жоқ па, ол да белгісіз. Ал бар болса, бір әріп үшін күрес жүріп жатқаны сөзсіз.

Қоғам • 06 Ақпан, 2025

Қазақ қаламгерлерін бағалаған АҚШ профессоры

Там-тұмдап болса да, шетел асып, аударма арқылы өзге оқырманға жетіп жатқан әдеби шығармаларымыз баршылық. Соның бірі – Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» романы. Бұл роман 2016 жылы Қа­зақ ПЕН-клубының жетекшілігімен Нью-Йорктегі «Metropolitan Classics» баспасынан жарық көрген. Бірде осы романды АҚШ-тың Джордж Вашинг­тон универ­ситетінің профессоры, қоғам­тану­шы ғалым Кристофер Кожм мыр­заға беріп, оқып шығуын өтіндім.

Сұхбат • 05 Ақпан, 2025

Роберт Киндлер, неміс ғалымы: Тарихшы өз зерттеуіне адал болуға тиіс

Неміс ғалымы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпелілер» кітабы – зерттеушінің санжылдық ізденісінің жемісі. Аталған кітапты қазақ тіліне жазушы Өтен Ахмет аударып, «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Ұлтымыздың 1917–1950 жылдар аралығындағы қоғамдық жағдайын баян ететін ғылыми еңбекті жарыққа шығару үшін ғалым Қазақстан мен Ресейдің, басқа да елдердің архивіне барып, тың деректер жинапты. Біз автормен шағын сұхбат құрған едік.

Пікір • 04 Ақпан, 2025

Көпке ұмтылған жалғыз

Бір сәт терезе сыртындағы ағаш­тарға көз салыңызшы, олар да жалғыздықтан жабырқайтын сияқты сезіледі. Мүмкін олар өн бойынан өсіп шыққан жа­пырақтарды, бұтақтарына қонатын құстарды аңсайды. «Жалғыздық деген – өз-өзіңмен бетпе-бет келу», депті бір да­нышпан. Дұрыс та шығар. Ал бұл ұғымды рухани еркіндіктің бастауы деген түсінікпен қабылдайтындар да жоқ емес.

Ғылым • 29 Қаңтар, 2025

Ізденіс арқауы – тиімді технология

Қазір еліміздің жас ізденімпаз ғалымдары ғылым мен техно­ло­­­гия­­­ның дамуына ілесіп, көптеген жетістікке қол жеткізіп отыр. Олар өздерінің тың идеялары мен жаңашыл жобалары ар­қы­­лы түрлі салаға серпін берді. Сондықтан бүгін жас­тар­­дың­ ғылымдағы айтарлықтай рөлі хақында айтқанымыз абзал.

Әдебиет • 28 Қаңтар, 2025

ChatGPT әдебиетке әсер ете ме?

Қалай десек те жасанды интеллект (ЖИ) біздің өмірімізге дендеп енді. Қазір ол әр салада өз рөлін белсенді атқарып отыр. Бұл құбылыстың шығармашылық үдерістегі рөлі қандай, оны қаламгерлер пайдаланып жатыр ма деген сұрақтардың тууы заңдылық. Мүмкін сіз естіген де шығарсыз, жапон жазушысы Ри Кудан «Токио мұнарасы» атты романын жазу барысында ЖИ қосымшасын еркін пайдаланыпты. Осы романы арқылы 170-Акутагава әдеби сыйлығын жеңіп алды. Біз білмейтін қаншама қаламгер ChatGPT арқылы шығарма жазып жатқанын бір Құдай біледі. Әлгіндегі ақпаратты естіген соң, маған жасанды интеллектінің әдебиетке әсері туралы әлем қаламгерлерімен пікірлесу идеясы келді. Бұл тақырыпта неміс қаламгері Артур Вайгандт, мысыр жазушысы Моан Шалабия, қытай ақыны Сао Шүй, қазақ жазушысы Зәуре Төрехан және қырғыз ақыны Ұлықбек Өмекеев өз ойларын айтты.

Ғылым • 24 Қаңтар, 2025

Шетелдегі ғылыми тағылымдама: нәтижесі қандай?

Еліміздің білім брендіне айналған «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» жоба­сымен жыл сайын көптеген ізденуші шетел­дің маңдай алды оқу орын­дарында білім алып, ғылыми тағы­лым­­дамадан өтіп жатыр. Олардың шетелдегі білім сапары қалай болғаны, не үйреніп, нелерді түйгені және алған білімін елге қайтып келген соң, өз саласында қалай пайдалана­ты­ны та­лайды қызықтыратыны сөзсіз. Осыған орай АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетінде білім алып жатқан Айнұр Сләмғажы, Ұлыбританияның «King’s College»-інде ғы­лы­ми тағы­лымдамадан өткен Бейімбет Дәрібаев, Кали­фор­ния уни­вер­­ситетінде оқыған Шырын Қадылқызы, Бэйлор универ­си­­­те­тінде оқыған Достілек Дәуітбекті сөзге тартқан едік.

Сұхбат • 24 Қаңтар, 2025

«Ақмарал» – қайсар рухты әйел туралы шығарма

Жақында «Regal House Publishing» баспасынан америкалық жазушы Джудит Линбергтің «Ақмарал» атты романы жарыққа шықты. Ежелгі Орталық Азия алқабында өмір сүрген көшпелі тайпадан шыққан жауынгер әйелдің тағдыры суреттелген туынды қазір АҚШ-тың кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Оқиғалары өзгеше, тақырыбы тың болғандықтан, аталған шығарма мұхитттың ар жағындағы әдеби сыншылардың да назарын аударыпты. Елдің ерекше ықыласына бөленген шығарма авторымен «Ақмарал» романы хақында еркін сұхбаттасқан едік.

Өнер • 24 Қаңтар, 2025

Рим Папасы риза болған қазақ музыканты

Музыка әлеміндегі хас таланттар көп өтпей-ақ биік белесті бағындырары анық. Олар ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейде танытып, талғамы жоғары көшелі көрермен жүрегінен жол табатыны сөзсіз. Соңғы уақытта отандық жас музыканттар әлемдік сахналарда үлкен жетістікке қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін арттырып келеді.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Димаштың өнері насихатталады

Ұлтымыздың мәдениетін әлемге танытып жүрген Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген өнерінің құрметіне Астанадағы №87 мектеп-гимназия­да арнайы кабинет ашылды. Іс-шараға әншінің әке-шешесі Қанат және Света Айтбаевтар, мектеп оқушыларының ата-аналары, әнсүйер қауым қатысты.