Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
338 материал табылды

Тарих • 31 Мамыр, 2025

Босқан халық – жиһанкездер көзімен

Орталық Азияға сапарлаған миссио­нер­лер үштігі – Эвангелин Франч, оның әпкесі Франческа Франч және олардың досы Милдред Кабельдің қаламынан туған «Шөлдегі жазбалар. Орталық Азиядан жазылған хаттар» атты еңбектен қазақ туралы деректерді кездестірдік. Ағылшын миссионерлері көзбен көргенін жазып, танымалдылыққа ие болған жи­һанкездер екенін білеміз. 1934 жылы жарық көрген кітапта олардың тоқтаусыз саяхаттары хаттар тізбегі арқылы баяндалады.

Кино • 30 Мамыр, 2025

Netflix Әмір-Темір туралы фильмнің түсірілімін аяқтады

Netflix ұсынған «Темірлан: Соңғы жаулаушының өмірі» фильмі – жай ғана тарихи драма емес. Бұл фильм өткен тарихқа үстірт қарамай, қайта ойлануға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 27 Мамыр, 2025

Қарағандыда коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мәселесі талқыланды

2025 жылғы 27 мамырда Қарағанды қаласында QAZPROPERTY коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығының қатысушылары қауымдастығының ұйымдастыруымен іскерлік кездесу өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – Ассоциацияның даму келешегі мен Қарағанды облысының бизнес-қоғамдастығымен диалогты нығайту мәселелері болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәрбие • 27 Мамыр, 2025

Баланы кім тәрбиелейді?

Бала тәрбиелеу – әлімсақтан бері адам өміріндегі ең маңызды іс. Бала тәрбиесі үшін басы ауырып, балтыры сыздамаған ата-ана кемде-кем шығар. Ал осы тәрбиенің өзегінде асыл үміттің, жарқын болашаққа деген ұмтылыстың негізі жатыр. Ұлтымыз ежелден ұрпақ баулу ісіне баса назар аударған. Қадау-қадау ғасырлардан бергі жинаған тәжірибелер мен ұлттық салт-сана, халықтық дәстүрдің озығы да сол бала тәрбиесіне жұмсалғаны рас.

Руханият • 26 Мамыр, 2025

Жазушының төрт кезеңі

Бірінші кезеңде жазушы әлі дараланбаған, тіпті ол кез келген адам іспетті; оның үні жеке тұлғалықтан гөрі жалпыадамзаттық, бәріне ортақ үн болатыны анық, деп жазады  Egemen.kz.

Сұхбат • 22 Мамыр, 2025

Луис Франциско Мартинес Монтес: Испанияның Қазақстанға қызығушылығы орта ғасырлардан басталды

Халқымызда «Елдестірмек – елшіден» деген жақсы сөз бар. Осы сөздің аясына дипломатиялық саладағы тұлғалардың бүкіл болмысы мен бітімі сыйып-ақ тұр. Жақында Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Луис Франциско Мартинес Монтеспен сұхбаттасудың сәті түсті. Сұхбат барысында ол қос елдің мәдени байланыстары мен алда жүзеге асатын жобалар туралы айтып берді.

Әлем • 20 Мамыр, 2025

ChatGPT-мен роман жазған әлем жазушылары кімдер

Шыны керек, қазіргі әдебиетке ChatGPT араласып кетті. Аз ғана уақыт ішінде аталған өнім әр салаға өз ырқын жүргізе бастады. Біз бүгін жаһандық әдебиетте ChatGPT арқылы шығарма жазған бірнеше қаламгер туралы айтпақпыз, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 15 Мамыр, 2025

Нэлсон Фэлл һәм қазақ даласы

«Сұлтан Жәңгірдің төрт мың жылқысы бар, Жұмабек сұлтанда екі мың, ал Адам байда үш мың жылқы бар, ал сіз бес-ақ жылқым бар дейсіз! Сонда неше қойыңыз бар?

Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Соғыс пен саясатқа тең араласқан Уинстон Черчилль бірде «Соғыс деген – шын мәнінде өрескел қателіктердің каталогі» депті. Соғыс десе, әлі күнге дейін кеңсірігіміз ашып, жонымыз мұздап, көзіміз жасаурайтыны анық. Ол ненің қайғысы, ненің шер-шемені екені де түсінікті. Даласынан қымыз исі бұрқырап, сай-саласында төрт түлігі шұрқырап жататын халқымыздың да жаһандық ұрыстарға қатысы көп. Қатысы болмай ше? Құдайдан бір, адамнан екі сұрап алған білекті ұлы мен ізетті қыздары кенеттен соғыс шебіне аттанып кете барды.

Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025

Қошқарбаевты немістер неге білмейді?

Осыдан біраз уақыт бұрын жас неміс қаламгері Артур Вай­гандпен сөйле­сіп отыр­ға­нымда, оның Рақымжан Қошқарбаев туралы ізденіп жүргенін білдім. Тарихты жақсы білетін әріп­те­сімізге сол сәтте қолқа салып, қазақтың батыр ұлы ту­­ралы зерттеуін негіз етіп, өз көз­қарасын жазып беруін өтіндім.