Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
219 материал табылды

Әлем • 22 Қаңтар, 2026

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Үндістан астанасында өткен 11-ші Халықаралық ән-би фестиваліне (11th Music and Dance Festival) еліміздің өнерпаздары да қатысты. Аталған халықаралық алаңда қазақ өнерінің кең тынысы, кәсіби деңгейі мен заманауи үнқатысуы жарқын көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдениет • 13 Қаңтар, 2026

Қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары Үндістанда оқырман назарына ұсынылды

Қазір Нью-Делиде дәстүрлі халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр. Экспозицияға қойылған қазақ кітаптарының жанрлық ауқымы кең: ел тарихын арқау еткен еңбектер, балаларға арналған әдебиет, сондай-ақ заманауи қаламгерлердің туындылары бар. Іс-шараны ұйымдастыруға Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақстанның Үндістандағы елшілігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025

Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025

14 мыңнан астам этникалық қазақ елге оралды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Кітапхана • 18 Желтоқсан, 2025

Ыстанбұл Рами кітапханасында алғаш рет «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышы» ашылды

Жақында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми-әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Әдебиет • 10 Желтоқсан, 2025

Қазақ жазушысы Нобель иегері Мо Янға «Абай» кітабын сыйлады

Бейжіңде тұратын қазақ жазушысы Акбар Мәжит әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Мо Янның отбасына арнайы амандаса барып, оған қытай тілінде жарық көрген Абай туралы кітап пен Қазақстан музыкасы туралы антологияны сыйға берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2025

Жалғыз роман жазған жазушы

«Wuthering Heights» («Желді қыраттар») – ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің өмір бойы жазған жалғыз романы. Ол бұл шығармасын алғаш рет 1847 жылы «Эллис Белл» деген бүркеншік атпен жариялаған. Роман Батыс Йоркширдегі қыраттарда тұратын екі жер иеленуші отбасының – Эрншоулар мен Линтондардың және Эрншоулардың этникалық тегі белгісіз асыранды баласы Хитклиффпен арадағы күрделі қарым-қатынастарын суреттейді. Махаббат, құштарлық және кек алу туралы сөз қозғайтын бұл шығарма романтизм мен готикалық әдебиеттің ықпалында жазылып, ағылшын әдебиетінің классикасы ретінде танылды.

Руханият • 30 Қараша, 2025

«Хайди» романы әлемге қалай танылды?

Хайди – Швейцария әдебиетінің ең танымал әдеби кейіпкерлерінің бірі. XIX ғасырда жазылған бұл шығарма бірнеше буынның сүйікті кітабына айналып, бүгінге дейін оқылып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Университет • 24 Қараша, 2025

Стэнфорд университетінің докторантурасына қабылданған тұңғыш қазақ қызы: 350 млн теңгенің грантын жеңіп алған Әселдің жетістігімен таныс болыңыз

Әйгілі Стэнфорд университетіне оқуға түсу – әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жастың асқақ арманы. Бірақ сол арманына жетіп қана қоймай, ғылыми жұмыстарына елеулі көлемде қаржылай қолдау алу – үлкен жетістік. Шымкент тумасы Әсел Ибадулла осындай биік белесті бағындырып, жастарға жаңа өріс ашты. Ол – аты аңызға айналған Стэнфорд университетінің докторантурасына қабылданған тұңғыш қазақ қызы.

Әдебиет • 11 Қараша, 2025

2025 жылғы Букер сыйлығының иегері анықталды

Биыл әдебиетте венгр қаламгерлерінің бағы жанып тұр. Өткенде ғана алпауыт Нобель сыйлығын әдебиет саласы бойынша венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи алған еді. Ал Британ-Венгр жазушысы Дэвид Салайдың «Flesh», қазақшалап айтсақ «Тән» атты романы 2025 жылғы ең беделді әдеби марапаттардың бірі – Букер сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика