Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Асықтан ұялы телефонға дейін...
Бұрын сайын сахарада атқа мініп, асық ойнап, ата-анасына қамқор болып жүретін балалардың көбі қазір төрт қабырғаға қамалып, қозғалыстан қалды. Әртүрлі технологиялық ойындар мемлекеттік шекарадан асып, мұхиттан өтіп, балалардың санасына сіңіп үлгерді. Қамсыз күйде қолына телефон ұстап, әлдебір түсініксіз ойындарға елігіп отырған балалардың жағдайы бізді сәт сайын үрей құшағына сүңгітеді. Жаңа ойындардың сиқыры мен әлем-жәлем бейнелері балалардың тат шалмаған тап-таза әлеміне қандай әсер етіп жатқанын, құдай білсін!
Жәдігер • 09 Қаңтар, 2026
Мұстафа Шоқайдың бірегей суреттері
Алаш көсемдерінің бірі Мұстафа Шоқай мен оның жары Мария Шоқайға тиесілі отбасылық фотоальбомның түпнұсқасы Астанадағы Ұлттық музей қорына табысталды.
Таным • 07 Қаңтар, 2026
Нобель лауреаттары сыйақысын қалай жұмсады?
Нобель сыйлығы – тек медаль мен мадақ қана емес, сонымен қатар қомақты қаржылай табыс. Қалай дегенмен де, аталған жүлденің қаржысы ниеттің де көрінісі екені анық.
Тарих • 06 Қаңтар, 2026
2026 жылы Бакуде өткен түркітанушылар съезіне бір ғасыр толады. Бұл алқалы жиын өткен ғасырдағы түркі халықтарының ғылыми, мәдени және рухани тағдырына айрықша әсер еткен, тарихи салмағы аса үлкен оқиғаның бірі болды. Яғни бұл басқосуды түркі дүниесінің ғылыми тоғысы ретінде бағалаған дұрыс.
Пікір • 05 Қаңтар, 2026
1933 жылы «The New York Times» газетінің тілшісі Уолтер Дюранти «Кеңес одағында аштық болған жоқ» деген мақала жариялап, айды аспаннан бір-ақ шығарады. Ол бір жыл бұрын Пулитцер сыйлығын алған еді, тіпті осы марапаты әлі күнге сақталып келеді. Ал дәл сол уақытта қазақ даласында, Украинада миллиондаған адам аштықтан қара жер құшып жатты. Соны біле тұра алпауыт басылымның тілшісі әлем оқырмандарына неге жалған ақпарат берді? Әрине, Сталиннің қылмысын жасыру үшін.
Руханият • 31 Желтоқсан, 2025
Қазір үндістандық жазушы Аравинд Адиганың «Ақ жолбарыс» атты романын оқып жүрмін. Атақты «New York Times» бұл кітапты ең өтімді кітап деп әлемге таныстырыпты. Сөйтетін де жөні бар. Шығарма өзіне қызықтырады. Ара-тұра езу тартатын тұстары да жоқ емес. Тіпті автор өз көзімен көргендерін философияға айналдырып жібергендей. Оқыңызшы, бүй дейді: «Мұсылмандардың бір құдайы бар, християндардың үш құдайы бар. Ал үнділердің 36 миллион құдайы бар», дейді бірде. Осы сөйлемді оқып, терең ойланасыз. Әр түрі дін, ағым мен көзқарас, тіршіліктің тауқыметі қоғамды ала-құла ойлауға, шөпті де шөңгені де өлең деуге мәжбүр етеді екен. Автор меніңше, соны айтып тұр.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2025
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этностық қазақ қандас мәртебесін алған. Жыл сайын өсіп келе жатқан бұл көрсеткіш шетелдегі қазақтардың атажұртына көптеп оралып жатқанын дәлелдейді.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2025
Төрт жыл ғана мектепке барған Нобель иегері
Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Грация Деледда мектепте бар болғаны төрт жыл ғана оқығанын білесіз бе? Ол артына өлшеусіз еңбек қалдырған италиялық қаламгер, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 30 Желтоқсан, 2025
Көзді ашып-жұмғанша тағы бір жыл зулап өте шықты. Биыл еліміздің ғылым саласы табысты болғаны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қазір ғылымға арқа сүйеген мемлекеттер әлемнің даму көшін бастап тұр. Біз сол елдердің қатарына қосылу үшін ғылымға айрықша мән беруіміз керек, яғни ғылымды қарқынды дамудың төте жолы ретінде қарастыруымыз керек. Ахмет Байтұрсынұлы «Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек» деген болатын. Бұдан бір ғасыр бұрын айтылған сөз қазір, әсіресе өзекті», деген болатын. Яғни ендігі жерде елімізде ғылымға көңіл бөлу жыл сайын арта түспек.
Таным • 30 Желтоқсан, 2025
Аудармашыны ЖИ алмастыра ала ма?
Кейінгі жылдары жасанды интеллект (ЖИ) қарқынды дамып, аударма саласына дендеп ене бастады. Онлайн аударма платформалары, нейрожелілерге негізделген жүйелер кез келген мәтінді бірер секундта бірнеше тілге аудара алады. Бұл жағдай «болашақта ЖИ адам-аудармашының орнын баса ала ма?» деген заңды сұрақ туғызды. Соған жауап іздеп, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырған едік.