Әдебиет • Бүгін, 09:30

2025 жылғы Букер сыйлығының иегері анықталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл әдебиетте венгр қаламгерлерінің бағы жанып тұр. Өткенде ғана алпауыт Нобель сыйлығын әдебиет саласы бойынша венгр жазушысы Ласло Краснахоркаи алған еді. Ал Британ-Венгр жазушысы Дэвид Салайдың «Flesh», қазақшалап айтсақ «Тән» атты романы 2025 жылғы ең беделді әдеби марапаттардың бірі – Букер сыйлығын жеңіп алды. Бұл туралы қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл жариялады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жылғы Букер сыйлығының иегері анықталды

Жеңімпазды анықтау барысында алқа мүшелері алты сағат бойы талқылаған. Соңында, барлық қатысушылардың бірауыз шешімімен «Тән» романы үздік деп танылған.

«Бізді өзіне баурап алған, өзге туындылардың арасынан дараланған шығарма – дәл осы роман болды. Мұндай кітапты бұрын ешқашан оқымаған едік» деген баға берді Родди Дойл.

букер

51 жастағы жазушы Дэвид Салайға сыйлықты өткен жылғы лауреат Саманта Харви 10 қараша күні Лондонда өткен салтанатты рәсімде табыс етті. Марапат алып тұрып Салай оқырмандарына былай деді: «Бұл роман арқылы біз тәуекелге бардық. Сол тәуекелдің жасалғаны мен үшін аса маңызды».

Букер

Биылғы жылдың наурыз айында жарық көрген «Тән» романы – автордың алтыншы кітабы. Шығармада Иштван есімді венгр азаматтың балалық шағынан бастап, өмірінің соңғы кезеңдеріне дейінгі жалғыздық пен ішкі күйзеліс жолы суреттеледі. Кітаптың тілі минималистік әрі жеңіл, ал басты кейіпкер – үнсіздігі, жұмбақ болмысымен ерекшеленеді.