Ғылым • 08 Қараша, 2024
«Scopus» ғылым дамуына қаншалықты әсер етеді?
Жақында ой-санасының озық қуатымен әлемдік ғылымға, экономикаға өлшеусіз үлес қосып отырған Илон Маск екі жаңа өнімін жұртшылыққа таныстырды. Біріншісі – жүргізушісіз жаңа тұрпатты көлік, екіншісі – бәрін істеуге дайын робот. Осыны көріп «біздің ғылым қай деңгейде?» деген үлкен сауалдың тұңғиығына шырмалып қаласың.
Ғылым • 08 Қараша, 2024
Жас ғалымдар клубының айрықша бастамасы
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында жаңадан құрылған Жас ғалымдар клубының жобалары мен ғылыми сарапшылық кеңес мүшелерінің ротациясы мәселелері талқыланды.
Руханият • 07 Қараша, 2024
Рухани құлдыраудың ащы шындығы
Қазір әлемдегі аз халықтардың рухани құлдырауға ұшырауы хақында зерттеулер жүріп жатыр. Бұл – бүгінгі жаһандану дәуірінде көптеген халық үшін ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Ат төбеліндей аз ұлыстар өздерінің бай мәдениетін, тілін, дінін және ұлттық болмысын жоғалту қаупімен бетпе-бет келді. Бағзы замандардан бері өмір сүріп келе жатқан үндіс пен мәдени ассимиляция барысын басынан өткізген Солтүстік Америкадағы көптеген осы тектес тайпалар тағдыры бәрімізге белгілі. Саны күн сайын азайған кейбір тайпаларда өз тілдерінде сөйлейтін адамдардың шоғыры да сиреп, ең соңында ұмыт болып қала берді.
Аймақтар • 06 Қараша, 2024
Шағын жинақты білім ордасы ашылды
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылында «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) компаниясы салған шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Әлеуметтік желі біздің өмірімізге араласқалы оның пайдасы мен зияны туралы да түрлі көзқарас бар. Қалай десек те, интернеттің күнделікті өмірімізді өзгертіп жатқанын жоққа шығармаймыз.
Мирас • 30 Қазан, 2024
АҚШ зерттеуіндегі қазақ қолөнері
Өркениеттің бір өзегі ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары екенін қарт тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп үлгерді. Ежелгі заманда әр халық ой-санасының күшімен, ақыл-парасатының көмегімен хал-қадерінше рухани ұмтылыс жасап, мәдениет қалыптастыруға ниеттенді. Соның нәтижесінде, әлемді өзгерткен жаңа дүниелер жарыққа шықты. Атарбадан әуеге көтерілген алып құсқа дейін (ұшақ) адамзат баласының қаншама ақыл-ойы жұмсалғанын зерделеудің өзі үлкен еңбекті қажет етері анық.
Таным • 29 Қазан, 2024
Француз ғалымы Бекмахановты неге іздеді?
Джордж Вашиңтон университетінің Гельман кітапханасында сақтаулы тұрған өзге Батыс елдерінде басылған ескі кітаптарда да қазаққа қатысты деректер жетерлік. Соның бірі – 1959 жылы Парижде жарық көрген француз зерттеушісі Марсел Эгретаудтың «Шығыс Совет: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан» атты еңбегі. Аталған кітабында шығыстанушы ғалым сол кездегі кеңес одағына қарасты республикалардың қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы нанымды зерттеу жасағанын түсіндік. Ал бізге керегі аталған кітаптағы қазаққа қатысты деректер еді.
Кітапхана • 25 Қазан, 2024
Конгресс кітапханасына кітаптар табысталды
Республика күніне орай Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мен Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әлемдегі ең үлкен кітапхана саналатын – АҚШ Конгресі кітапханасының қорына қазақ тілі, руханияты мен мәдениеті үшін аса маңызды бірқатар кітап тапсырды.
Қоғам • 25 Қазан, 2024
Мәдениеттер тоғысындағы кездесу
Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Астанадағы ÖzgeEpiс креатив хабына арнайы қонақ ретінде келіп, бірқатар мәдени, шығармашылық жобаларды тамашалады. Бұл сапар мәдениетаралық диалогтің, өнер мен білімнің өзара байланысын нығайтудың айқын көрінісі. Елші Розенблюмге кеңістіктің негізін қалаушылар апалы-сіңлі Тоғжан және Мақпал ханымдар креатив хаб жұмысын таныстырды.
Технология • 23 Қазан, 2024
Окленд университетінің профессоры, неврология, когнитивті психология және білім саласының танымал сарапшысы, «Қалай оқуды үйренеміз?» ашық онлайн курсының авторы Барбара Оакли қазір қоғамда ашық қолданылып жатқан жасанды интеллектінің рөлі мен оның білім жүйесіндегі қолданылуы туралы «Zoom» қосымшасы арқылы семинар өткізді. Ол осы салада ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқанын айтып, қазір заманға сай жарыққа шыққан қосымшаларда тілдік модельдің өте креативті екенін жеткізді.