Қоғам • 22 Қазан, 2024
Мұқағалидың америкалық оқырманы Сол күні сабаққа кешігіп бардым. Кешіккен мен емес, Вашиңтон метросы еді. Біздің топпен кездесуге келген америкалық журналист сөзін аяқтады да, маған қарай бұрылды. «Сіз өлең жазады екенсіз ғой, Мақатаевты білесіз бе?» деп маған қарай жақындады қартаң әйел. «Білгенде қандай, күллі қазақ ол кісінің өлеңдерін жатқа оқиды», дедім.
Таным • 12 Қазан, 2024
Қазақ киносы АҚШ ғалымының көзімен
Джордж Вашингтон университетінің профессоры Питер Роллбергтің «Советтік Қазақстанның кино өнері» атты монографиясы – Батыс әлеміндегі Орталық Азия елдерінің мәдениетіне қызығушыларға таптырмас оқулықтың бірі.
Әдебиет • 11 Қазан, 2024
«Тіл – екі жүзді қылыш, оны ұстай алмайсың»
Жыл сайын берілетін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын биыл Оңтүстік Корея жазушысы Хан Каң алды. Ол – осы елдің аталған алпауыт сыйлықты жеңіп алған тұңғыш қаламгері.
Сұхбат • 10 Қазан, 2024
«Тіл – екі жүзді қылыш, оны ұстай алмайсың»
Жыл сайын берілетін әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын биыл Оңтүстік Кореялық жазушы Хан Каң алды. Ол осы елдегі аталған алпауыт сыйлықты жеңіп алған тұңғыш қаламгер.
Ғылым • 09 Қазан, 2024
Зерттеу нысанасы – АҚШ-тағы қазақ диаспорасы
Алуан тағдыр жетелеп, төрткіл дүниенің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылған қазақтың тұлымды ұлдары мен бұрымды қыздары бұл күндері әлемнің әр елінде білім алып, тіпті сонда қоныс теуіп, қызмет етіп жүр. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін шетелдердегі этностық қазақтардың саны өспесе, кеміген жоқ. Сол үшін де кезінде шетелдегі қазақтарды тарихи отанына қайтару күн тәртібіндегі маңызды шаруаның біріне айналды.
Маман • 05 Қазан, 2024
Басқалар балаларын қалай оқытады?
Заман дамыған сайын әлемде білім бәсекелестігі де арта түсті. Мұндағы маңыздысы кімнің қайда білім алғаны емес, қалай білім алғаны болмақ. Сол себепті әр мемлекет, әсіресе дамыған елдер білім саласына баса назар аударып, елінің ертеңіне уақыт талабына сай оқытуға басымдық береді. Осы орайда, кейбір шетелдің білім саласының нақты әдісі мен тәжірибесі төңірегінде ой бөліскенді жөн көрдік.
Марапат • 05 Қазан, 2024
Нобель сыйлығы қай жазушыға бұйырады?
Әр жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы лауреатының есімі жарияланатын сәт таяған сайын дүние жүзіндегі көптеген оқырман жеңімпаз ретінде Муракамидің есімін көргісі келеді. Бірақ неге екені белгісіз, аты аталған жапон қаламгерінің бес жылдан бері бағы жанбай келеді. Сонымен, биылғы үміткердің аты аталатын сәт те таяды. Келесі аптада, яғни 10 қазан күні Нобель лауреаты аталған қаламгердің есімі жалпақ жұртқа жария болады. «Өлеңге әркімнің бар таласы» демекші, 6 жылдан бері осы салаға үңіліп жүргендіктен, биыл да ойымызды айтып көрелік.
Таным • 04 Қазан, 2024
Ғасыр бұрынғы дала өмірі (АҚШ ғалымының көзімен)
«Мың өліп, мың тірілген» қазақтың тағдыры-талайы туралы әркім өз шамасынша толғады, жазды, айтты. Ал алпауыт елдерде туып-өсіп, өзін ғылымға арнаған тұлғалардың қазақ хақында қалам тербеуі, ізденіс жасап, оны ғылыми айналымға енгізуі, әрине, құптарлық, қуанарлық жайт. Біздің қолымызға түскен Гарвард университетінің мұрағатында сақталған қазақ туралы топтама суреттер сайын даланың төсінде жүрген халқымыздың кей сәттерін еміс-еміс еске салады. Осыдан 97 жыл бұрын, яғни 1927 жылы түсірілген бұл суреттер өткен ғасырдағы қазақтың қаз-қалпындағы бейнесін көрсетіп тұр.
Әлем • 28 Қыркүйек, 2024
Төртінші сыныпқа баратын қызым Ләйләні жетелеп, АҚШ-тағы Вирджиния штатының Арлиңтон қаласына қарасты «Ashlawn» бастауыш мектебінің қабылдау бөлмесінде тұрмыз. Сәлден соң, оқу-білімге жауапты қызметкер құжатымызды қабылдап алып, екі күннен кейін келуімізді айтты. Межелі уақытында қайтадан мектепке бардық.
Әдебиет • 28 Қыркүйек, 2024
Әуезовтің америкалық оқырмандары
Джордж Вашингтон университетіндегі әлем әдебиеті туралы кезекті дәрістен шықтық. Қараша айы демесек, қаланың кеші тым суық емес. Сырт көзге Вашингтон студенттер қаласы сияқты болып көрінеді. Қай көшеге, қай бұрышқа қарасаң, топ-тобымен жүрген студенттер шоғыры. Қасымда бірге келе жатқан жетекшім, профессор Питер Роллберг: «Былай жүрелік, ана жерде Пушкиннің ескерткіші бар, соның қасындағы орындыққа отырып, аз-кем әңгімелеселік», деді. Діттеген жеріне бардық. Шынымен де, анадайда Пушкиннің алып тас-бейнесі қасқайып тұр.