Taza.kz
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
405 материал табылды

Өнер • 24 Қаңтар, 2025

Рим Папасы риза болған қазақ музыканты

Музыка әлеміндегі хас таланттар көп өтпей-ақ биік белесті бағындырары анық. Олар ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейде танытып, талғамы жоғары көшелі көрермен жүрегінен жол табатыны сөзсіз. Соңғы уақытта отандық жас музыканттар әлемдік сахналарда үлкен жетістікке қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін арттырып келеді.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Димаштың өнері насихатталады

Ұлтымыздың мәдениетін әлемге танытып жүрген Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген өнерінің құрметіне Астанадағы №87 мектеп-гимназия­да арнайы кабинет ашылды. Іс-шараға әншінің әке-шешесі Қанат және Света Айтбаевтар, мектеп оқушыларының ата-аналары, әнсүйер қауым қатысты.

Пікір • 21 Қаңтар, 2025

Оқитын және оқымайтын қоғам

Спартандықтардың тапқырлығы ретінде жиі айтылатын мына бір сөзді есі­ме алған сайын бізге әр мәселені өзге­ше ойлау мен түйіндеудің ауадай керек еке­нін түсінемін. Аталған аңыздың ұзын-ыр­­ға­сы мынадай. Бірде Македония патша­сы ІІ Филипп грек қаласының тұр­ғын­да­ры­на былай деп хат жазады: «Тез ара­да ма­ған бірден бағыныңдар. Егер әске­­рім сен­дер­дің жерлеріңе басып кірсе, бар­лық егін, бау-бақшаларыңды құртады, ұлда­рың­ды құл, қыздарыңды күң етуге де да­йын­быз», дейді. Спартандықтар оған бір ауыз сөзбен жауап қайтарады: «Егер...».

Білім • 21 Қаңтар, 2025

Алаш оқулықтары

Ұлт ардақтысы Міржақып Дулатұлының тура осыдан жүз жыл бұрын жарық көрген математика оқулығы көркем тілмен ұғынықты жазылған. Оған дәлел – аталған оқулықтағы кейбір мысалдар.

Таным • 17 Қаңтар, 2025

Жоғалған рух. Қазақ қалай аман қалды?

1934 жылы Ныю-Йорк қаласында жарық көрген «Біздің қарапайым замандастарымыз» атты зерттеу еңбегін қолға алғанымда, тосырқап қалғаным рас. Өйткені АҚШ-тың Йелл университетінің антропологі Джордж Мердок бұл кітабында тасмандықтар, Жапонияның солтүстігіндегі айнустар, Мексикадағы ацтектер, Перудегі инкастар, Угандадағы гандалар, Полиярдағы эскимостар сияқты тарих сахнасынан жойылып бара жатқан халықтардың тарихы мен мәдениеті, қоғамдық дәстүрі туралы сөз қозғайды. Ал осылардың қатарына неге екенін қайдам Орталық Азиядан тек қазақты қосады. АҚШ ғалымы бұл зерттеуі арқылы не айтпақ? Нені меңземек деген сансыз ойдың жетегімен оның кітабын оқып шықтым.

Ең қысқа әңгіме • 15 Қаңтар, 2025

Айналайын Гүлниса!

Ол тұста біздің ауылдағы ұйғыр балалар тек қазақ мектебінде білім алатын. Сол себепті Шөкірат, Ділмұрат, Гүлниса деген ұйғыр балалары бізбен бірге оқыды. 7-сыныпқа шыққан жылы қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі әр оқушыға қатаң талап қойды. Кезекті сабақ тақырыбы – Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Күркіреген дауысымен жарты сағат бойы аталған шығарманы бізге оқып берген мұғалім «үй жұмысы ретінде осы поэманы жаттап келіңдер» демесі бар ма? Ал, кеп жаттайық. Сенбі-жексенбі соны жаттаумен болдық. Дүйсенбіге дейін мен небәрі 10-12 шумағын зорға жаттадым.

Тәрбие • 14 Қаңтар, 2025

Әке жұмыста. Баланы кім тәрбиелейді?

Әлдебір данышпан «Балаңды тәрбиелеме, алдымен өзіңді тәрбиеле» деп айтқан екен. Бұл қазіргі қоғамды да ойландырады. Кейде орынды айтылған бір сөз атқан оқтан да ауыр тиетіні рас. Тәрбиені жалпылама деп қарастырсақ, оның ішіндегі әке тәрбиесі үлкен маңызға ие. Бұрнағы қазақтың «кімнің баласысың?» дегенінде де өзгеше мән жатқандай. Бұдан «Кімнен тәрбие алып жатырсың?» деген сүбелі сөздің мәйегін аңғарамыз.

Басылым • 07 Қаңтар, 2025

Америка асқан «Алдар көсе»

«Әлем халықтарының ертегілері» атты антология 1961 жылы Нью-Йорктегі Putnam’s Sons баспа­сынан ағылшын тілінде жарық көрген. Бұл антологияға қазақ ертегісі ретінде «Алдар көсенің сиқырлы тоны» енген.

Ғылым • 01 Қаңтар, 2025

Жаңалыққа құштар жас ғалым

Отандық жас ғалымдардың қол жеткізген жетістіктері ғылымның дамуына айтар­лық­тай үлес қосып отыр. Біз бүгін жақында биология ғылымының профессоры атанған жас ғалым Әлібек Ыдырыс туралы айтсақ дейміз.

Мирас • 01 Қаңтар, 2025

Уэслиан университеті және Абай әндері

Иісі қазаққа екі бірдей тұлғаны, яғни аға сұлтан Құнанбай мен оның зерделі ұлы Абайды сыйлаған Зере әжеміздің ойының қаншама ұшқыр, пейілінің қандай кең екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес те шығар. Бірақ оның арманы мен үміті толығымен орындалды десек қателеспеспіз. Ал ұлына ырымдап пайғамбар есімін қойған Құнанбайдың есімі бұл күнде Абай­мен бірге аталып, дүниенің төрт бұ­рышына жетті. Бұл да әке жауапкершілігінің, беделінің бодауынан туған риясыз үміт белгісі болмақ.

Яндекс.Метрика