Өнер • 24 Қаңтар, 2025

Рим Папасы риза болған қазақ музыканты

183 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Музыка әлеміндегі хас таланттар көп өтпей-ақ биік белесті бағындырары анық. Олар ұлттық мәдениетімізді әлемдік деңгейде танытып, талғамы жоғары көшелі көрермен жүрегінен жол табатыны сөзсіз. Соңғы уақытта отандық жас музыканттар әлемдік сахналарда үлкен жетістікке қол жеткізіп, еліміздің мәртебесін арттырып келеді.

Рим Папасы риза болған қазақ музыканты

Бүгінгі сөз танымал скрип­кашы Ерасыл Хамит туралы. Оның өнеріне Рим Папасы Франциск ерекше риза болыпты. Қазақ баласының Папамен кездесу сапары бір жыл бұрын жоспарланыпты. Ватикан өкілі оның Венадағы жеке концертіне арнайы барып, тума таланттың өнеріне тәнті болып қайтқаннан кейін көптеген  кездесу ұйымдастырылыпты.

«Венада жеке концертім өтті, оған Ватикан елшісі қатысты. Оның мақұлдауынан кейін біз қыркүйек айында Римге соңғы кездесуге бардық, сол жерде кардинал мен оның көмекшісіне шағын жеке концерт бердік. Тек осыдан кейін концерттің өтетіні толық шешілді. Кездесу керемет өтті. Рим Папасымен тілдесу сәті де түсті. Ол өте қарапайым және мейірімді кісі екен. Дәстүр бо­йынша, жүздесу барысында ­оның жүзігін сүйіп, тізе бүгу керек ­еді. Бірақ ол мұндай рә­сімнің қа­жеті жоғын айтып, қол алысудың ­жет­кілікті екенін білдірді. Кон­церт ба­рысында Папа Франциск ой­на­ған музыканы мұқият тың­дап, бірнеше рет басын изеді. Мұны оның риза болғанының белгісі деп қабылдадым. Мен оған аргентиналық композитор А.Пьяццоланың «Либертан­го­­сы» орындадым. Рим Папасы қат­ты әсерленіп, бұл туынды оған туған жерін еске салғанын айт­ты. Кез­десу соңында маған Папа­ның қолынан айқыш белгісі мен батасын алу құрметі бұйырды. Бұл мен үшін сәулелі сәттің бірі болмақ», дейді Ерасыл Хамит ағы­нан ақтарылып.

Кейіпкеріміз М.Венгеров, Н.Цнайдер, М.Мартин, Т.Самуил сияқты  әлемге әйгілі музыканттардан жеке сабақ пен шеберлік дәрісін алған музыка маманы. Ерасылдың тынымсыз құлшынысы оған өз саласында керемет нәтиже сыйлады. Айталық, ол Кронберг (Германия), Сан-Жан-де-Люздегі «Равель» фес­тивалі (Франция), «Лак Леман» фес­тивалі (Швейцария), Боль­цано фестивалі (Италия), Гра­фенегг фестивалі (Аустрия) секіл­ді халықаралық музыкалық фес­ти­валь­дерге қатысып, өз өнерін көр­сетті. Сонымен қатар Густав Ма­лер атындағы академияның қатысушысы болып, Графенегг академиясына екі рет қатысқан.

Ерасыл Хамит Алматы қала­сында дүниеге келген. Римский-Корсаков атындағы консерватория жанындағы арнайы орта музыкалық мектепте білім алған. Санкт-Петербургте оқыған ке­зін­де ол Мравинский байқауы, «Виват Талант» және басқа да халықаралық байқаулардың лау­реаты атанды. Сондай-ақ ол Санкт-Петербургтің каме­ра­лық және симфониялық ор­кестр­лерімен бірге бірнеше рет өнер көрсетті. 2013 жылы білімін жалғастыру үшін Мәскеудегі П.Чайковский атындағы консерваторияның орталық музыка мектебіне профессор, кафедра меңгерушісі Сер­гей Кравченконың сыныбына қабылданды. 

Осыдан кейінгі Ерасыл Хамит­тің өнер сапары Зальцбург қала­сындағы Моцартеум универ­ситетінде жалғасты. Онда өнер­паз өрен профессор П.Амояль­дың сыныбына оқуға түсіп, бі­лімін шыңдады. Қазіргі уақыт­та Ерасыл Вена­дағы Музыка және орындаушы­лық өнер уни­вер­ситетінде профессор А.Да­наи­лованың сыныбында оқып жатыр. Музыка мемлекеттердің мә­дени байланысын дамытуға сеп­тігін тигізе­тін саланың бірі. Дүниежүзілік деңгейдегі оқу ордаларынан білім алып, еларалық мәдени  байла­нысты нығайтуға үлес қосып жүрген Ерасылға өнерің өрлей берсін дейміз. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15