
– Соңғы уақытта біз осындай акцияларға оқушыларды жиі тартуға тырысып жүрміз. Бұл жас ұрпақтың бойында туған қалаға деген сүйіспеншілікті, табиғатқа деген құрметті қалыптастыруға көмектеседі. Сондай-ақ, балалар мектеп жасынан бастап қаланың қоғамдық өміріне атсалысудың маңызын түсінеді, – деп атап өтті экобелсенді, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов.