Қоғам • 24 Қаңтар, 2025

Димаштың өнері насихатталады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлтымыздың мәдениетін әлемге танытып жүрген Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген өнерінің құрметіне Астанадағы №87 мектеп-гимназия­да арнайы кабинет ашылды. Іс-шараға әншінің әке-шешесі Қанат және Света Айтбаевтар, мектеп оқушыларының ата-аналары, әнсүйер қауым қатысты.

Димаштың өнері насихатталады

Аталған кабинетті ашу барысы туралы сөз алған мектеп ди­ректоры Айгүл Оңда­ған­қызы: «Біз бұл кабинетті жасақ­тауға көп дайындалдық. Сондағы мақ­сатымыз – мектеп оқушыларының музыкалық білімін жетілдіріп, оларды еркін ойлы өрендер ретінде жан-жақты дамыту. Жа­понияға барған сапарымда олардың білім саласында музыкаға ерекше көңіл бө­летінін түсіндім. Біз де мек­тебімізде сабақ үзілісінде он ми­нут­тық ән айту жобасы сияқты баста­маларды қолға алдық. Міне, бүгін Димаш сынды талантымыздың атында музыка ка­бинетін ашып отырмыз. Біз оқу­шы­ларымыздың ой-өрісін кеңейтіп, мек­тептен әлемдік деңгейге ұмтылсын деген ниеттеміз», деген ақжарма сөзін айтты.

Ал Димаш Құдайбергеннің әкесі аталған кабинеттің ашылуы мектеп оқушыларына шабыт сыйлап, олардың да арасынан әлемге танылған таланттар шығуына тілектестік біл­дірді әрі осы кабинетке әншіге тар­ту етілген сыйлық­тардан саралап, жә­дігерлер беруге де көмектесетінін айт­ты.

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15