Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
200 материал табылды

Руханият • 07 Наурыз, 2022

Байдың қызы

Әлқисса, сіздерге бір байдың қызы туралы айтсам деймін. Ол бұла өске­німен, жасынан өнерге, ғылымға аңсары ауған, оңы мен солын ерте таныған, тіпті қаршадайынан Еуропа мәдениетімен сусындаған, есейе келе туған елінің өнеріне ерекше үлес қосқан қарлығаштардың бірі болды.

Әдебиет • 01 Наурыз, 2022

Солдат ақындар

Әлем әдебиетінде де, біздің әдебиетте де жаһандық екі үлкен соғыс туралы жазылған шығармалар аз емес. Күллі әлем оқырманы тұшынып оқып жүрген көркем шығарманың көбі осы үлкен соғыстарды арқау етті.

Әдебиет • 28 Ақпан, 2022

Польшадан келген алғысхат

Елімізде әр жылғы көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні­мен басталады. Бұл күн – ты­ныштық пен берекенің, өзара қарым-қатынастың, сенім мен татулықтың мерекесі. Кезінде туыс­тарымен бірге Польша елінен Қазақстанға қоныс аудар­ған Наталия Богданович өзін бағып-қаққан Дүрия атты әже­ге алғысхатын жолдап, үшбу сәлем жолдаған құнды де­рек Алматы қалалық Мемле­кеттік архивінде ұзақ жылдар бойы сақталып келеді. Біз осы орталықтың бас сарапшысы Ләйла Қасымқызы ұсынған архив материалын оқыр­манға ұсынып отырмыз.  

Әдебиет • 28 Ақпан, 2022

«Түрмеде өлеңдерімді сатқаным рас»

Джимми Сантияго Бака 1952 жылы Мексикада туған. Жас­тайынан жетім қалып, ата-әжесінің тәрбиесінде болған. 

Өнер • 23 Ақпан, 2022

Киноға сценарий емес, ниет жетіспейді

Сөзді әуелі жазушы Бейімбет Майлиннің «Күлпашынан» бастайық. Театр сахнасына да, кино түсіру үшін де бұл шығарма сұранып-ақ тұр. Қазіргі көрермені көп кинолардың негізгі арқауы өмірде болған оқиғалар желісімен түсіріліп жатқанынан хабардармыз.  

Руханият • 17 Ақпан, 2022

«Мұзбен шаптым жағалап...»

Біз қазақтың осыған дейін көрген қасіреті мен қиянатын, тау­қыметін Жұбан ақынның «Мың өліп, мың тірілген» деген аталы сөзімен сипаттай саламыз, шын­дығында, біздің осы күнге жетіп, ұлт болып ұйысуымызға, жарық таңға жетуімізге «мың өліп, мың тірілу» дегеннің өзі аз­­дық етердей. Даламыз бен пейі­­ліміз қанша кең болған сайын тағдырдан, заманнан, адам­нан, саясаттан көрген қитұрқы­лығымыз да соғұрлым шексіз болды.

Әдебиет • 15 Ақпан, 2022

Қазақтың «Хәрри Поттері» қашан жазылады?

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп» деген жақсы сөзі бар. Бұл сөз осы ұлы өнердің маңыздылығын айқындап беретін аксиома болмақ. Қазақ сөз өнерінің бір арнасы балалар әдебиеті екені баяғыдан мәлім. Біз сол арқылы өскелең ұрпақтың ертеңін бағамдап келдік. Аталған сала жылдан-жылға сан жағынан да, сапа жағынан да дамып келе жатқанына көз жұмуға болмайды. Десе де, көкейде жүрген түйткілдер де аз емес. Бүгінгі дөңгелек үстелге осы салада қалам тербеп жүрген жазушылар Молдахмет Қаназ, Толымбек Әбдірайым, Тұрсынбек Әлиұлы, Әлібек Байбол және Әдина Жүсіп қатысып отыр.

Әдебиет • 14 Ақпан, 2022

Жәркен ақын жалғыз ба?

«Жалғыздық — үйіңде телефон тұрып, сағаттың шырылдауы». Актриса Фаина Раневскаяның осы бір сөзінде жылдар бойы, тіпті ғасырлар бойы біз сарсаң болып іздеп жүрген өмір сүрудің мағынасы жатқандай сезіледі. Мына ғаламда жалғыздық феномені хақында ойланбаған ақыл иесі кемде-кем шығар. Меніңше, ол туралы ойланудың өзі Жалғыздыққа бастайтын жол сияқты. Жапан далада көктегі бұлтпен жарысып, ауық-ауық әлдебір әуенге басып, бір сапарға кетіп бара жатқан жалғыз атты жолаушыны көрген боларсыз, міне, оның аты – Жалғыздық. Алыста, мәлім бір қалада теңіздей терең ойын тар бөлмеге, ақ параққа сыйғыза алмай арпалысып отыратын ақынды білерсіз, ендеше, оның да аты – Жалғыздық.

Руханият • 13 Ақпан, 2022

Дала сыйлаған Дегдарлық

Беліне жау снаряды түсіп, ауыр жара­ланған, кейін бейбітшілік орнағанда немістің трофейлік жүк ұшағымен Алматыға емделуге барған соғыс арда­гері, алғашқы суретін Сталинград май­данында салған суретші, режиссер, қазақ анимациясының атасы Әмен Қайдаров туралы аз жазылған жоқ. Оның азаматтығымен қатар еліне жасаған еңбектері бұл күні ойлы ұрпақ­тың жадында сақтаулы тұр. Сонау қиын-қыстау кезде өз еркімен сұранып қызыл әскер қатарында бол­ған Әмен Қайдаровтың тұла бойындағы батылдық пен ер жігітке тән даралық оны биікке алып шықты. Оның қазақ руханиятына қосқан үлесі ұшан-теңіз екенін дәлелдеу үшін ол істеген игі істерді тізбелеп айтып отырудың да қажеті шамалы. Әменге жігер берген туған елінің ертеңі екені даусыз.

Қоғам • 10 Ақпан, 2022

Газет кім үшін керек?

Осы жұрт әлсін-әлсін мойнын бұрып елеңдеп, әр жаңалығына тамсана қарайтын Американың ең алғашқы тәуелсіз газеті New England Courant басылымын 1721 жылы Бенджамин Франклиннің ағасы басып шығарыпты. Сол кезде әрбір саналы жұрт «Ұлттың алғашқы күнделікті газеті» шыға бастады» деп жар салыпты. Ал содан кейін 1784 жылғы 21 қыркүйекте өз оқырманымен жүздескен тағы бір басылым Pennsylvania Packet and Daily Advertiser деп аталатын апталық газеттің алғашқы оқырманы да кілең зия­лылар болғанында шүбә жоқ.