Taza.kz
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН
Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН«Egemen Qazaqstan»
405 материал табылды

Әдебиет • 18 Желтоқсан, 2024

Ең жомарт жазушылар

Әдебиет біздің өмірімізге араласқалы бері тек рухани азық қана емес, қоғамды түзеудің де қуатты құралы болып келді. Әрине, ойдың қаруы деген дұрыс шығар. Әлемге аты шыққан қаламгерлер қаламын қару етіп, қоғамға, айналасына ой тастауды басты мақсат етті. Сол үшін де олардың кейбірі ізгіліктің елшісі, жақсылықтың жаршысы бола алды. Бүгін сол туралы сөйлемекпіз.

Білім • 11 Желтоқсан, 2024

Оқушылар шешендік өнерден сайысты

Жақында мектеп оқушылары арасында алғаш рет Қазақ би-шешендерінің даналық сөздерін мәнерлеп оқу және оны ағылшын тілінде айту бойынша мазмұнды байқау өтті. Оған Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатынан 5 оқушы және желілік Абай мектептеріне қарасты Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыс­тары мен Шымкент қаласынан 4 оқушы қатысты.

Тарих • 06 Желтоқсан, 2024

«Дала халықтары» кітабы не туралы?

Вашингтондағы Католик университетінің кітапханасында сақтаулы тұрған британдық тарихшы, ғалым, жазушы Ральф Фокстің 1925 жылы Бостон және Нью-Йорк қалаларындағы баспадан қатар шыққан «Дала халықтары» атты зерттеу кітабындағы ұлтымызға қатысты деректер қызықты һәм мағыналы. Бір ғасыр бұрын жазылған кітапта «Қазақ болмысы» деген арнайы тарау бар.

Зерде • 06 Желтоқсан, 2024

Жыраулар поэзиясын америкалықтар оқыса...

Тізгін қағар АҚШ-тың Питтсбург университетіндеміз. Әлем­нің әр қиырынан келген ғалымдар аталған оқу ордасында болатын кезекті Орталық Азия туралы халық­аралық конференцияда ой бөліспек. Сәті түскенде, кейбірімен танысып үлгердік.

Ең қысқа әңгіме • 05 Желтоқсан, 2024

Балтиморда кездескен Елімай

Американың «Amtrack» пойызы зулап келеді. Барар бағытымыз – Delaware штатының Wilmington қаласы. Қасымда отырған қара жігіт өте шыдамсыз болып шықты. Аяқкиімін шешіп алып, терезеге қойып суретке түсірді. Одан кейін қайта киіп, орындықтарды аралап әрі-бері жүрді.

Саясат • 30 Қараша, 2024

Испания Корольдігінің орденімен марапатталды

«Фолиант» баспасы мен Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Ұлттық академиялық кітапханаға 1000 кітап сыйға тартты. Арасында қазақ классик жазушыларының шығармалары, әлем әдебиетінің озық туындылары, үздік шетел әдебиеті мен нон-фикшн жанрындағы кітаптармен қатар, балаларға арналған сан түрлі еңбек бар. Оның ішінде Испан елшілігі ұсынған испан тіліндегі бірқатар кітап қамтылған.

Тағзым • 27 Қараша, 2024

Міржақыпты еске алды

Ұлты үшін бойындағы барын беріп, жан аямай еңбек еткен ұлы тұл­ғаларымыздың бәрінің күрес­кер жолы мектеппен байланыс­ты. Олардың санасында мектеп пен білімді түзеу – ұлтты оятумен бірдей деген толғағы піскен пәлсапа болды. Кешегі кер заманда туып, халқымыздың білім алу, ғылым жолына түсу сынды күреске толы өміріне тым ерте араласқан Алаш ардақтысы, ақын Міржақып Дулатұлының туған күні қарсаңында елордадағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназияда «Алаш – ұлтты оятқан рухты сөз» атты мазмұнды іс-шара өтті.

Тарих • 22 Қараша, 2024

Элизабет Бэкон көрген Қазақстан

Батыс ғалымдарының халқымыз туралы ғылыми еңбектер жазып, оны Америка сынды ­алпауыт елдің баспаларынан шығаруының маңызы зор екенін бұған дейін де айтқанбыз. Біздің бай тарихымыз, табиғи ресурс­тарымыз және отанымыздың геосаяси маңызы әлемдік зерттеушілердің қызығушылығын тудырып келе жатқанына шамамен екі ғасырдан асты.

Білім • 21 Қараша, 2024

Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің төресі

Ұлттық құндылықтар – бір ұлттың тарихы, мәдениеті, тілі, дәстүрі, салт-санасы арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыратын негіздер. Оларды сақтап қалу және дамыту қоғамның тұрақтылығы мен келешегі үшін маңызды. Қазіргі жаңа дәуірде дәстүрге сай тәрбие арқылы ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізу – қоғам мен мектептің ғана емес, әр отбасының да басты міндеті.

Руханият • 20 Қараша, 2024

Бізге Батыс әлемін зерттеу орталығы керек

Бүгінгідей жаһандану заманында мемлекеттер арасында мәдениетаралық диалог пен тарихи зерттеулердің маңызы арта түсті. Орталық Азия, соның ішінде Қазақ даласы, ғасырлар бойы көптеген Батыс әлемінің саяхатшылары мен ғалымдарының назарын аударғаны рас. Олар Орталық Азияға сапар шегіп, осы өңір туралы құнды деректер қалдырды. Жазған еңбектері біз үшін тарихи маңызды ақпарат көзі болып қана қоймай, кей ақтаңдақтарды ашуға сеп болмақ. Бірақ бұл деректер әлі толық зерттелмей, жүйеленбей отыр. Батыс әлемінің Орталық Азияға қызығушылығы өткен ғасырда, бүгін де, болашақта да маңызды бола бермек.

Яндекс.Метрика