Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1115 материал табылды

Таным • 21 Маусым, 2025

Құстың тілі

Құста да тіл бар. Ел арасында «құстың тілін құсбегі біледі» деген сөз бекер айтылмаған. Тәжірибелі құсбегілер тек бүркіт қана емес, әртүрлі құстың сайрағанына құлақ түріп, қандай жағдайда, қандай дыбыс шығаратынын тыңдап, не айтып жатқанын түсінеді. Тіпті бүркіттің аналығы мен аталығын дауысына қарап ажыратады.

Жәдігер • 18 Маусым, 2025

Сығанақ теңгесі

«Әзірет Сұлтан» ұлттық музей-қорығы сайтында мекеменің нумизматикалық жәдігерлер қорында сақталған теңге-тиын (пуль) туралы мәлімет жарияланды. Бұл бұйым кезінде Сығанақ қаласында соғылған екен. Жәдігерді музей қорына 2004 жылы Түркістан қаласының тұрғыны Н.Досметов есімді азамат тапсырыпты.

Зерде • 10 Маусым, 2025

«Рүстем қырғыны» дастаны қалай жазылды?

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, барлық жанрда қалам тартқан әмбебап дарын – ақын, жазушы, драматург, журналист Ілияс Жансүгіров азғана ғұмырында көптеген поэма жазды. Соның бірі – 1926 жылы жазылған «Рүстем қырғыны» дастаны. Бұл туынды ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Өмірден өткен соң, жиырма екі жылдан кейін, яғни 1960 жылы алғаш жарық көрсе, екінші рет 2004 жылы жазушының «Қазығұрт» баспасынан шыққан көптомдығының 3-томына енген.

Фотогалерея • 10 Маусым, 2025

Бай-Өлкедегі баянды сапар

Кеңес одағы кезінде шет мемлекеттерде өмір сүріп жатқан қандастарға Қазақстан тарапынан мәдени-рухани қолдау болды. Соның бір айғағы – мына фото. Яғни 1962 жылы күзде бір топ қазақстандық өнер қайраткерлері Бай-Өлке аймағына барып, өнер көрсеткен.

Жәдігер • 04 Маусым, 2025

Ғұндар мұрасы

Адамзат тарихында әлемде алғаш рет көшпелілер им-периясын құрған – ғұндар. Мағжан Жұмабаев «Ерте күнде отты күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» дегеніндей, ежелгі ата-бабамыздан қалған мұра көп. Күллі Еуразия даласында ғұндарға тән 13 қорған-кешен болса, осылардың тоғызы моңғол даласында екен.

Зерде • 04 Маусым, 2025

Абай ұнатқан бүркіт

Мына бір әңгіме М.Әуезов атындағы Әдебиет өнер инсти­тутының қорында сақталыпты. Сілтемесі – Қ.866, 2-3 дәп­тер. Жазбаны қорға 1976 жылы айтыскер ақын, әнші, өнертанушы һәм Қазақстаның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсеков (1900–1978) деген адам тапсырыпты.

Спорт • 31 Мамыр, 2025

Оралда халықаралық турнир өтті

Орал қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысының тумасы, өлке қайраткері Қадыр Идиятовты еске алуға арналған байдарка және каноэ есуден халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 31 Мамыр, 2025

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алған дәріс өтті

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында елордалық колледж студенттеріне онлайн дәріс ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 30 Мамыр, 2025

Мемлекет басшысы Хорватия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран Милановичті Хорватия Республикасының Ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жәдігер • 29 Мамыр, 2025

Ежелгі қыпшақ сауыты

Моңғолияның «iNews.mn» та­нымал порталы жақында орта­ғасырлық қып­­­шақ жауынгері қол­данған торкоз сауыт пен темірден тұтас құйылған дулығаның суре­тін жарияла­­ды. Жәдігер жу­ық жыл­дары Украи­наның Липовец ел­­ді мекені маңы­на жүргізіліген ар­хео­логиялық қаз­ба жұмыстары ке­зінде 264-қор­ған­нан табыл­­ған екен.