
Мирас • Бүгін, 08:05
Далада өскен түз бүркітін қолға түсірудің негізгі тәсілі – тор құру. Тор жіңішке кендір жіппен тоқылады. Көздері бүркіт өтіп кетпейтіндей сүйем шаршы мөлшерде болады. Кереге биіктігі 1,5-2 метрге жуық, етегінің айнала шеңбері отау үйдің көлемі шамасында. Одан кейін сыптығырлап жонылған ұшы үшкіл алты-жеті шыбық қада дайындайды.
Көрме • 10 Қазан, 2025
Елордадағы Ұлттық музейде Алматы облыстық «Анаға құрмет» музей ұжымының ұйымдастыруымен тағылымы терең көрме ашылды.
Білім • 08 Қазан, 2025
Бала тәрбиесі барша ортақ. Өйткені, ұрпағы озық жұрттың жығасы қисаймайды. Осы мақсат мүдесіне сай танымал педогог, ұлағатты ұстаз Күляш Шамшидинованың бала тәрбиесіне арналған «ҮЗДІК. Балаға қалай көмектескен жөн? Мектепте де, өмірде де» атты кітабы жарық көрді, деп жазады Egemen.kz.
Мирас • 08 Қазан, 2025
Көрнекті ақын Кәкімбек Салықов жорға жылқы туралы: «Жорғасы тайпалып көз ілдірмейді, Ырғағын бұзып, өзек тілдірмейді, Беу, шіркін! Бипыл-типыл, майқаң-қайқаң, Жүрісі шайқалса да, білдірмейді», деп жырлаған екен.
Мирас • 27 Қыркүйек, 2025
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық спорты. Көкпардың шығу төркіні жайлы зерттеуші Ә.Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түрік қағандығы кезіндегі «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған. Әскери машықтың бұл түрі бейбіт күндерде көкпар тарту ойынына ұласып отырған», дейді.
Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2025
Сақтар – біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы мыңжылдықтарда бүгінгі Орталық Азия территориясын мекендеген ежелгі тайпа. Грек тарихшысы Герадот: «Сақтар киізден жасалған шошақ бөрік және шалбар киген, қолөнермен айналысқан», дейді.
Абай • 13 Қыркүйек, 2025
Абай мұрасынан қуат алған тұлға
Абайдың бірғасырлық мерекесі 1945 жылы аталып өткенін білеміз. Осы оқиғадан бір жыл бұрын Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновтың бұйрығымен «Абай» фильмін түсіру туралы шешім қабылданған болатын.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2025
1998 жылы Астанадағы қалалық газетте («Астана ақшамы») қызмет атқарып, несібе айырып жүрген шағым. Комсомол көшесі (қазіргі Желтоқсан) бойында орналасқан орыс драма театрында өтетін «Құдалар» атты спектакльге барып мақала әзірлеу керек. Бардық. Қойылым авторы көкшетаулық қаламгер Баянғали Әлімжанов екен.
Мирас • 11 Қыркүйек, 2025
Қазақ халқының басқа жұрттан бір артықшылығы – құсбегілік өнері. Яғни аспан серісі бүркітті қолға қондырып, онымен алпыс екі айлалы жер тағысы қу түлкіні шеңгелдеу нағыз шеберлік емес пе? Төл табиғатпен біте қайнасып бірге өскен бабаларымыз дала сермендесі аң мен құстың жайын жақсы білген.
Мирас • 29 Тамыз, 2025
Қазақтың жауынгерлік танымында жауды садақпен ату үшін қажет құралды оқ дейді. Осы оқты этнограф-зерттеуші Қалиолла Ахметжан мырза бірнеше бөлікке бөліп қарастырыпты.