Мирас • Кеше

Жұтпа тұзақпен бүркіт ұстау

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түз бүркітін қолға түсірудің бір әдісі – жұтпа тұзақ. Бұны құсбегілер «жемтұзақ» деп те айтады.

Жұтпа тұзақпен бүркіт ұстау

Жалпы, бүркіт қомағай келеді. Соны пайдаланып, жем іздейтін жеріне жұтпа тұзақ құрылады.

Ол үшін үш-төрт құлаш жі­ңішке жіптің бір басына мықты ширатылған тарамыс жіп тағылып, оған қозының тоқпан жілігі немесе түлкінің ортан жілігі сияқты кесекжемді қызыл етімен көрінеу жерге іліп қояды.

Ыңғайына қарай қызыл жемді таза жерге тастауға да болады. Қысқасы, аш бүркітті қызықтырып «ет доп» жасайды.

Мұны биікте ұшып жүріп көрген аш бүркіт бір ұшы шыжым жіпке байланған қызылды жұтып жібереді. Сөйтіп, бөтегесінен «байланады».

Тұзақты тартқан сайын дала тағысының бөтегесі қатты қысып, екі аяғымен басы-көзін тырмалап, қос қанатын сабалап әлсірейді.

Осы сәтті күтіп отырған құсбегі дереу келіп шыжымды қиып жібереді де, жем жұтқан бүркітті шекпенге орап алады.