Туризм • Бүгін, 10:12

Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 11 желтоқсаннан бастап Түркияда жеке деректерді қорғау жөніндегі кеңес жаңа ережелер енгізіп, қонақүйлерге тіркелу кезінде паспорттарды көшіруге тыйым салды. Енді турист қонақүйге келгенде тек өз құжатын көрсетуі қажет, ал қажетті мәліметтер (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және басқа ақпарат) тікелей Ішкі істер министрлігінің біріккен электрондық жүйесіне (YAZOK) енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда қонақүйлерге тіркелу тәртібі өзгерді

Фото: istockphoto.com

Енді қонақүй қызметкерлері келесі міндеттерді орындауы тиіс:

  • Туристің паспортын немесе жеке куәлігін визуалды тексеру, суреті мен аты-жөнін сәйкестендіру;
  • Барлық қажетті ақпаратты (аты-жөні, паспорт нөмірі, кірген және шыққан күндері және т.б.) YAZOK жүйесіне енгізу.

Егер қызметкер паспортты көшіруді талап етсе, азаматтар 2025 жылғы 9 желтоқсандағы жеке куәліктердің көшірмелерін тіркеу туралы негізгі шешімге (KVKK) сүйене отырып бас тарта алады. Сонымен қатар құжаттың түпнұсқасын көрсетіп, қажет болған жағдайда, қонақүй әкімшілігінен жазбаша түсініктеме немесе жеке деректерді қорғау кеңесіне ресми сайт арқылы хабарласуды сұрай алады.

Соңғы жаңалықтар