Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ОКҚ брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша, шығындарды оңтайландыру мақсатында өткен жылы пайдаланылған барлық мерекелік декор материалдары бес ауданның қоймаларында сақталған және биыл да қайта қолданылатын болады.
«Барлық бағыт бойынша үнем жасап жатырмыз. Өткен жылғы жаңа жылдық декор материалдары бес аудан қоймасына жиналып, жыл сайын қайта пайдаланылады. Бес ауданнан бөлек, орталық алаңға да шырша орнатылады. Биылғы бастамам бойынша табиғи шырша қоюды жоспарлап отырмыз. Қала бойынша бөлінген жалпы сома – 99 млн теңге», деді әкім.
Брифинг барысында әкімнің айтқанындай, 2024 жылы бұл мақсатқа 80 млн теңге жұмсалған.