Денсаулық • Кеше

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Иран Ислам Республикасының Президенті, доктор Масуд Пезешкиан «Астана» медициналық орталығы» КЕАҚ-на қарасты University Medical Center (UMC) Жүрек орталығына барды. Мәртебелі мейманға орталық жұмысын Премьер-Министрдің орынбасары Аида Балаева таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Әлемге танымал беделді кардиохирургтардың бірі ретінде Иран Президенті қазақстандық әріптестерінің жұмысын көрді. Аида Балаевамен әңгіме барысында медицина саласының әртүрлі бағыттарында, соның ішінде кәсіби білім беру бойынша ықтимал бірлескен жобалардың кең ауқымы талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, «Астана медициналық университетінің» профессор-оқытушылар құрамымен, дәрігерлермен және студенттермен өткен кездесу соңында Иран Президентіне Құрметті профессор атағы берілді.