«Өскемен арматура зауыты» мен «Каспий Құбыр Консорциумы–К» арасындағы келісімге Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды.
Келісім бойынша зауыт магистральді мұнай құбырына арналған қазақстандық жабдықтар — жапқыш арматура, сорғы агрегаттары мен электр қозғалтқыштарын жеткізеді.
Тараптар жабдықтарды техникалық қызметпен қамтамасыз етіп, инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесе енгізбек.