Фото: Oqu-agartu ministrligi
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында белгілі болды.
«2023 жылдан бастап бүгінге дейін 182 мың жаңа орын ашылды. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл 2-6 жас аралығында кезекте тұрған балалар саны 2 есе (33,3%-ға) қысқарды», деді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова.
2019 жылдан бері мектепке дейінгі ұйымдардың саны да артқан. Нақты атағанда, 8,6%-ға көбейіп, 10 650-ден 12 мыңға дейін жеткен. Сол ұйымдарда бүгінде 1 млн-нан астам бүлдіршін тәрбиеленіп жүр.
Бүгінде барлық мемлекеттік білім беру ұйымдары, сондай-ақ жекеменшік балабақшалардың 94 пайызы мемлекеттік білім беру тапсырысымен қамтылған екен.