Қазақстан • Бүгін, 14:25

Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Great Sky» компаниясы Бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко Centralasianow басылымына берген сұхбатында «ASPAN» жобасы туралы айтты. Жоба аясында еліміздегі 4 кәсіпорында оқ-дәрілердің негізгі компоненттері өндіріледі, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда артиллериялық снарядтар өндіретін алғашқы зауыттың құрылысы басталды

Фото: Centralasianow

Қазіргі уақытта жобаның алғашқы зауыты – ASPAN-1 салынып жатыр, мұнда – снарядтар мен миналардың корпустары өндіріледі.

«Жоба өте перспективалы, өйткені Қазақстанда оқ-дәрі өндірісіне қажетті металл, мақта, қышқылдар және басқа материалдар бар», деді А.Тихоненко.

Жоба отандық армия қолданатын миномет миналарын және артиллериялық снарядтарды (82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм), сондай-ақ НАТО стандарты бойынша әзірленген экспортқа арналған оқ-дәрілерді – 155 мм (M107, M795) снарядтары мен 60 мм миналарды шығаруды мақсат тұтқан.

ASPAN-1 зауытының алғашқы өнімі  2027 жылы шығарылады деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны – шамамен 1 млрд долларды құрайды.