
Фото: Ғаламтордан
А.Папптың сөзінше, 30 жыл – бұл Қазақстанның дамуына Ассамблея мүшелерінің қосқан үлесі мен еңбек ерліктерінің даңқты шежіресі. Осы жылдар ішінде Ассамблея мүшелері зауыттар салып, егін егіп, станок басында еңбек етіп, металл балқытты.
«Иван Сауэр мен Григорий Презент, Геннадий Зенченко мен Владимир Пя, Ахметжан Шардинов пен Владимир Розметов және қаншама кәсіпорын басшылары – бұлар Ассамблея мүшелері. Сондықтан Жұмысшы мамандықтар жылы мен Ассамблеяның 30 жылдығының сәйкес келуін терең символикалық деп санаймын. Мен де еңбек династиясының өкілімін. Ата-анам – еңбек сіңірген машина жасау мамандары. Мен машина жасау зауыттарында өстім», деді венгр қауымдастығының өкілі.
Оның айтуынша, кәсіпорында көпұлтты үлкен ұжым жұмыс істейді – 240-тан астам адам. Жыл сайын 5,5 миллиард теңгенің отандық өнімін шығарылады. Бұл – газ және электр қазандықтары, конвекторлар, электр калориферлер, су құбырына, технологиялық қажеттіліктер мен ірі суаруға арналған насос станциялары.
«Бұл өнім Қазақстан үшін аса қажет және шетелдерде де сұранысқа ие! Жақсы жұмысшы – жақсы табыс табады. Біздің кәсіпорында білікті жұмысшының айлығы 600 мың теңгеден асады. Біз, Ассамблея мүшелері, Жұмысшы мамандықтар жылы идеясын нақты іспен қолдаймыз. Бұл идея – еңбек адамы қоғамда лайықты бағалануы және мойындалуы керек деген сенімді жеткізеді. Қазіргі заманғы білікті және іскер жұмысшы – бұл жастар үшін лайықты әлеуметтік перспектива», деді ол.
Александр Папптың айтуынша, «Жұмысшы мәртебесін» арттыру үшін Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары зауыттар мен фабрикаларға жиі барып, жастарды ертіп, жаңа жұмысшы мамандықтарымен танысуы қажет. Әлеуметтік желілерде жұмысшы еңбегін насихаттаудың жаңа тәсілдерін қарастыру керек.
«Тағы бір мәселе – біздің мәдениет, теледидар мен кино күмәнді кейіпкерлерді емес, алақандары қажалған еңбек адамдарын көрсетуі тиіс! Жастар сенімді болуы қажет: жұмысшы мамандық – бұл абыройлы әлеуметтік лифт! Ал жұмысшы – бұл елдегі басты адам!», деді А.Папп.
Ол Ассамблеяның қайырымдылық істеріне де атсалысқанына тоқталып өтті.
«30 жыл ішінде Ассамблеяның қайырымдылық жасаушылары мен волонтерлері көптеген игі істер атқарды – бұл жетістіктер ел аузында. Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойында «Жомарт жан» орталықтары «Мейірімділік керуені», «Жүректен жүрекке», «Мектепке жол» секілді қайырымдылық жобаларын белсенді жүзеге асырып жатыр. Бұл – Ассамблея жұмысының басты бағыттарының бірі болмақ», деп сөзін аяқтады «КЕЛЕТ» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Венгр мәдениет орталығы төрағасының орынбасары Алексендр Папп.