Аймақтар • Бүгін, 18:20

Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл облыста «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 2 700 орынға арналған 4 мектеп іске қосылды. Енді 500 орындық оқушылар сарайы ашылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында 500 орындық оқушылар сарайы ашылады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз жиынында Абай облысы білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков айтып берді.

«Абай облысында аймақ басшысының бастамасымен мектепке дейінгі және орта білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Өңірде 177 балабақша және 191 шағын орталық жұмыс істейді. Қазір 3,9 мыңнан астам бала кезекте тұр, оның ішінде 2-6 жас аралығында 758 бала бар. Орын тапшылығын азайту мақсатында биыл 5 жекеменшік балабақша ашылып, Мақаншыда салынатын 140 орындық балабақшаның құжаттары әзірленіп жатыр», деді басқарма басшысы.

Оның мәліметінше, Абай облысында қазір 311 мектеп жұмыс істеп тұр. Жалпы, өңірде 2025-2026 оқу жылында 100,6 мың оқушы білім алады.

«Сондай-ақ Семей қаласының Оң жақ Шығыс кентінде 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Суықбұлақта 100 орындық білім ошағының құрылысы басталып, Екпін және Семей қалаларында 300 орындық мектептердің жобалары әзірленіп жатыр. «Қазақстан халқына» қоры арқылы 36 мектепке 58 жаңа кабинет орнатылып, 4 мектепке (Жаңасемей, Мақаншы, Курчатов, Үржар) әрқайсысына 250 млн теңгеге оқу кабинеттері мен жиһаздар сатып алынды. Айта кетейік, Семей қаласындағы 500 орындық оқушылар сарайының құрылысы желтоқсан айында аяқталып, ел игілігіне беріледі», дейді Б.Ердембеков.

 

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар