Taza.kz
Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
597 материал табылды

Саясат • Бүгін, 07:55

Өндіріс пен кәсіпкерлік– өңір дамуының өзегі

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі агроөнеркәсіп жобаларын, сондай-ақ ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдау тетік­терін қолжетімді ете­тін мобильді фронт-офис­тер­дің жұмысымен танысты.

Білім • Бүгін, 07:43

Түлектерге төсбелгі табыс етілді

Семейде облыс әкімі Берік Уәлидің қатысуымен мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты шара ұйым­дас­ты­рылды. Мерекелік жиын барысында 2025–2026 оқу жылын үздік аяқтаған Семей қаласының 160 тү­ле­гіне «Алтын белгі» төс­бел­гісі табысталды. Сондай-ақ облыстың білім сала­сына елеулі үлес қосқан мұға­лімдер мемлекеттік наг­радалармен марапатталды.

Аймақтар • Кеше

Бес ауылға су берілді

Абай облысы Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик, Кіші Владимировка ауылдарының тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

Аймақтар • 17 Маусым, 2026

Шойынжол бекеттері қайта жанданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика көлемінде 124 бекетті жаңғырту жұмысы басталған еді. Жақында Абай облысы Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш ауылдарындағы теміржол бекеттері қайта жаңғыртудан өтті.

Өнер • 13 Маусым, 2026

Жүз әнмен жасалған жаһандық рекорд

Қазақтың дәстүрлі ән өнері тағы бір тарихи белесті бағындырды. Шәкәрім университетінің «Өнер» кафедрасының оқытушысы, университеттің құрметті профессоры, Мәдениет саласының үздігі, дауылпаз дәстүрлі әнші Қайрат Қабышев дүниежүзілік рекордтар кітабына енді.

Аймақтар • 03 Маусым, 2026

Шыңғыстаудың шежірелі тастары

Жуырда Шыңғыстауға шығып қайтқанбыз. Мынау таңбалы тас­тарды Абай атамыздың досы әрі замандасы Жиреншенің қыстауы орналасқан Қоңыраутас маңынан кезіктірдік.

Қоғам • 03 Маусым, 2026

Ринат Зайыт: Ұстаз ұлықталмай, ұлттың өсуі қиын

Жаңа Конституциялық өзгеріс, қазақ парламентаризмінің қалыптасуы, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасының жүзеге асуы, депутаттық бастамалардың нәтижесі, ең төменгі жалақы мәселесі және Абай облысының әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен руханияттағы өзекті түйткілдер төңірегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытпен әңгіме өрбіткен едік.

Білім • 02 Маусым, 2026

Білім гранты берілді

Шәкәрім университетінде өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты іс-шара биылғы түлектер үшін есте қаларлық ерекше оқиғаға айналды. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан «Shakarim High School» мектебінің түлектері арасында «Алтын белгіге» үміткерлер мен білім бәйгесінде топжарған озаттар аз емес.

Экономика • 02 Маусым, 2026

Семей ет комбинатының жұмысы қайта жанданды

Абай облысы құрылғалы бері өңір экономикасына серпін бере­тін маңызды жобалар кезең-кезеңі­мен жүзеге асырылып келеді. Әсіресе кеңестік кезеңнен қалған ірі өндіріс орындарын қайта жаң­ғырту ісі қарқын алды. Соның жарқын мысалы – қайта түлеп жатқан Семей ет комбинаты.

Спорт • 22 Мамыр, 2026

«Елімай» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын таныстырды

Семей қаласында «Елімай» футбол клубының 2026 жылғы маусымының ресми таныстырылымы болды. Іс-шара аясында клубтың негізгі құрамы, әйелдер командасы, футбол орталығының тәрбиеленушілері, жаттықтырушылар штабы, сондай-ақ 2026 жылғы маусымға арналған жаңа ойын және жаттығу формалары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Яндекс.Метрика