Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2025
1993 жылы құрылған «Агрофирма Приречное» кәсіпорны мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып келеді. Қазір 3 мыңнан аса ірі қара бар. Соның ішінде, қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы және етті, сүтті сиырлар өсіріледі. 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жаңасемей ауданының Приречное ауылында орналасқан шаруашылықтың егістік жер көлемі – 6 793 гектар. Биыл 1 787 гектарға картоп, көкөніс және мал азығына қажет дақылдар егілген. Өнім сыйымдылығы 14 мың тонна болатын 7 қоймада сақталады.
Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2025
Осыдан 140 жыл бұрын, 1885 жылы Абай Құнанбайұлының Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында ақынның ауылына барып, екі айдай қонақ болады. Қайтып келген соң ол Семейдегі өлкетану музейіне Абай ауылынан әкелінген қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам зат тапсырыпты.
Руханият • 25 Қыркүйек, 2025
Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды
Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2025
Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейстерінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады, деп жазады Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 24 Қыркүйек, 2025
Семей-Астана тасжолы тазаланды
Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жас белсенділер қатысып, қала шетіндегі Семей-Астана тасжолы бойын қоқыстан тазартты.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 24 Қыркүйек, 2025
«Еңбек жолы - 2025» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылына орай дәстүрлі республикалық «Еңбек жолы - 2025» конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталып, салтанатты түрде марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Сайлау • 20 Қыркүйек, 2025
Абай елі бұрыннан тұңғыштардың мекені рас. Семей – Алаштың алғашқы астанасы, қазақ футболы осы жерден бастау алды, алғашқы театр Ойқұдықта қойылды. Бұл жолы тағы да алғашқы үлкен қадам Семейде басталып отыр. Ол облыс орталығы – қала әкімін сайлау науқаны, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 20 Қыркүйек, 2025
Абай облысында егін саласын қаржыландыру көлемі артты
Мемлекет басшысы Жолдауында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған», деген еді. Расында мемлекеттің қолдауы Абай облысында күзгі жиын-терін кезінде де байқалып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 20 Қыркүйек, 2025
Студенттердің шағын наубайханасы бар
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Жарма технология колледжінде «Алтын Шар» шағын наубайханасы ашылды. Салтанатты рәсіміне колледж әкімшілігі, педагогтер, әлеуметтік серіктестер мен студенттер қатысты.
Жәдігер • 19 Қыркүйек, 2025
Тасын түртсең тарихы сөйлейтін Абай топырағынан тағы да көне жәдігерлер табылды, деп жазады Egemen.kz.