
Өшпес даңқ • 09 Мамыр, 2025
Отыз жасында опат болған оғлан
Абай облысының мемлекеттік архив мекемесін аралап жүріп, дәл отыз жасында оққа ұшқан қазақтың батыр ұлы Тәттібек Түсіпбаевтің (1915–1945) фотосуреті мен оған қатысты деректі көзім шалды.
Спорт • 06 Мамыр, 2025
Астанадағы аламан: Абай елінің аты бірінші келді
Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Astana Cup» республикалық бәйгесінде Абай облысының арғымағы топ жарды.
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Жезкент – Абай облысы Бородулиха ауданындағы кенге бай кент. Жол түсіп Жезкентке де жеттік. Мұнда келудегі мақсатымыз – диаспоралар достығы мен өндірісте істейтін еңбек адамдарының тыныс тіршілігімен танысу еді.
Мәдениет • 28 Сәуір, 2025
Мәдени нысандардың мәселесі шешіледі
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар мәдени нысандарды аралап, өзекті мәселелерімен танысып, оның шешу жолдарын айтты.
Қоғам • 28 Сәуір, 2025
Семейде 18 тұрғын үй пайдаға беріледі
Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.
Аймақтар • 27 Сәуір, 2025
Абай облысы Аягөз ауданының Қопа ауылының маңында Аягөз өзені көтерілуіне байланысты бөгеттің ішінара қирауы орын алды. Су деңгейінің көтерілуі салдарынан бөгет бұзылған.
Аймақтар • 24 Сәуір, 2025
Абай облыстық сотының жаңа ғимаратында азаматтарға қолайлы жағдай жасалған
Семейде Абай облыстық сотының төрт қабатты жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2025
Семейдегі спорт нысандары жаңғыртылады
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірнеше спорт мекемесін аралап, өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 23 Сәуір, 2025
Бақты ауылының болашағы қандай?
Үкімет пен Парламент алдында тұрған елеулі міндеттің бірі – шекара маңындағы елді мекендерді дамытуға қатысты заң қабылдау. Мұны Президенттің өзі Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда шегелеп тапсырды. Таяуда шекара шебінде отырған ауылдарға ат басын бұрудың орайы келді. Біз Бақты ауылының іргесіне ілінгенде, күн Тарбағатай тауына келіп тірелген. Елдің шетінде, желдің өтінде қасқайып Қарабас тауы тұр. «Анау қара тау қай елге қарасты?» деп сұрадым. «Қазақстанға қарайды» деді ауыл әкімі Алмас Ахметұлы. Қазақстанды күні-түні кірпік қақпай қарауылдап тұрған, басына дулыға киген, қабағы түксиген батыр тәрізді көрінді.
Өшпес даңқ • 23 Сәуір, 2025
Тыл ардагеріне құрмет көрсетті
Абай облысында Жеңістің 80 жылдығына орай «Ардағым – ардагерім» акциясы өтіп жатыр. Ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлігін жас буынға үлгі мақсатында «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен «Qazaqstan Medisina Jastary» республикалық қоғамдық бірлестігі осынау акцияға мұрындық болып жүр.