Қоғам • Бүгін, 08:35

Халық әртісі – филармония директоры

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Семейдегі Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры болып Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбеков тағайындалды.

Халық әртісі – филармония директоры

Секен Кәрімұлы Үржар ауданында дүниеге келген. Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыка училищесін, кейін Құрманғазы атындағы консерваторияны профессор М.Әубәкіровтің класында тәмамдаған. Ол – «Жігер» фес­тивалінің, Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі.

Еңбек жолын «Сазген» ансамблінен бастап, «Ақ жауы­н» ансамблі мен оркестрін құрып, оны халықаралық деңгейге көтерді. Оркестр Жапония, Қытай, Моңғолия, Франция, Германия және өзге де елдерде гастрольдік сапармен өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филар­мония­сының «Ақ жауын» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келді.

Бұған қоса Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Жанжігіт Омархан облыстық Абай театрына актер Нартай Сарсебаевты тағайындады.

– Нартай Сауданбекұлы – кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ дубляж актері. Театр саласын бес саусағындай меңгерген, тәжірибесі мол кәсіби маман. Сондықтан бұл жауапты қызметті абыроймен атқаратынына сенім білдіремін, – деді Жанжігіт Омархан.

 

Абай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50