Аймақтар • Кеше
Абай ауданында халықты тұрғын үймен қамту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Осы бағдарламалар аясында кеше 38 кезекте тұрған азамат жаңа қонысқа көшті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 23 Желтоқсан, 2025
«Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарына 20 трактор табысталды
Бүгін Абай облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында жарияланған облыстық «Үлгілі ауыл» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 22 Желтоқсан, 2025
Тарбағатайдағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан Сансызбай Иісұлы туралы не білеміз?
Енбегі екі қазаққа бірдей сіңіпті. Екі қазақ емес, иісі бір қазақ. Екі қазақ дейтініміз – Семей топырағында туып, Шығыс Түркістандағы ұлт азаттық көтерілісінде Тарбағатайда қол бастаған, ал өмірінің көп бөлігінде (туған жері Мақаншыға оралған соң) еліне қызмет еткен тұлға – Сансызбай Иісұлы еді.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2025
Семейде жаңа өндірістік цехы іске қосылды
Абай еліндегі ірі экспорттаушы кәсіпорындардың бірі – «Казполиграф» ЖШС-нің жаңа өндірістік желісін – «Gable Top» картон қаптамалар цехы іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2025
Жазда маусым айында облыс әкімінің бастамасымен «Туған жерге туыңды тік» деген кең ауқымды инвестициялық форум ұйымдастырылып, оған депутаттар, шетелдік және отандық инвесторлар, осы өңірден шыққан ірі кәсіпкерлер қатысып, Абай облысын дамыту жоба-жоспары талқыланған. Облыс әкімдігі және инвесторлар арасында 15 түрлі меморандум жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2025
«Достық-2025» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Семейдегі «Ес-Аймақ» рухани орталығында облыстық этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттар арасында өткен «Достық-2025» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Желтоқсан, 2025
Семейде Қайрат Рысқұлбеков пен оны айыптаған прокурордың көшесі қиылысады
Міне, Семейде ақ боран. Мен 4-Лодочнаядан кейінгі Достоевский көшесін көктей өтіп, Гагарин көшесінен түстім. Дала боран. Ұйтқыған жел қойын-қонышыңды орайды. Семейдегі Қайрат Рысқұлбеков көшесі кілт бұрылыс болып басталады. Иә, Қайрат десе, желтоқсан, желтоқсан десе, ойымызға Қайрат Рысқұлбеков оралады. Өйткені ол 86 жылғы азаттықтың алауын мұзға жаққан мыңдаған боздақтардың бір ғана символы десе де болар. Оған қандай жала жабылып, жаза құшса, қалғандары да сондай әділетсіздіктің ақ лағы болып кете барды. Бір айналдырса, шыр айналдыратын көмескі күш оның тағдыр жолында тағы да түйісіп, көрмей кеткен көшесі қиылысады деп кім ойлаған. Бұл кездейсоқ болатын сәйкестік пе, әлде зауал ма?
Спорт • 12 Желтоқсан, 2025
Жаттықтырушы Жетібаевқа құрмет көрсетілді
Облыстық үлкен жиыннан кейін аудан орталығынан шалғай жатқан Қопа ауылына қарай жырыла бөлініп шыққандағы мақсатымыз – белгілі жаттықтырушы Жұман Жетібаевтың құрметіне арналған аудандық волейбол жарысын көріп қайту еді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025
«Семей тазалық» мекемесі сөгіс алды
Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымданып отыр. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 09 Желтоқсан, 2025
Елімізде тұңғыш рет solveathon өтті
Shakarim University-де Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Agriculture-2025» атты ірі технологиялық солватон өтті. Бұл – жасанды интеллект негізіндегі цифрлық және агротехнологиялық шешімдерді әзірлеуге бағытталған ауқымды іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды Egemen.kz.