Секен Кәрімұлы 1961 жылы Үржар ауданында дүниеге келген. Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыка училищесін, кейін Құрманғазы атындағы консерваторияны профессор М.Әубәкіровтің класында тәмамдаған. Еңбек өтілі – 40 жыл. Ол – «Жігер» фестивалінің және Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық әртісі.
Еңбек жолын «Сазген» ансамблінен бастап, «Ақ жауын» ансамблі мен оркестрін құрып, оны халықаралық деңгейге көтерді. Оркестр Жапония, Қытай, Моңғолия, Франция, Германия және өзге де елдерде гастрольдік сапармен өнер көрсетті. Осы уақытқа дейін ол Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Ақ жауын» халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келді.
Бұған қоса Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысы Жанжігіт Омархан облыстық Абай театрына актер Нартай Сарсебаевты тағайындады.
«Нартай Сауданбекұлы – кино және театр актері, жазушы, драматург, аудармашы, тележүргізуші, сондай-ақ дубляж актері. Театр саласын бес саусағындай меңгерген, тәжірибесі мол кәсіби маман. Сондықтан бұл жауапты қызметті абыроймен атқаратынына сенім білдіремін», деді Жанжігіт Омархан.
Абай облысы