Бақытбек ҚАДЫР
Бақытбек ҚАДЫР«Egemen Qazaqstan»
502 материал табылды

Экономика • 09 Қазан, 2025

Абай облысында 85 ірі агрожоба іске асырылады

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Абай облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Берік Уәли, өңірдегі шаруашылық жетекшілері, кәсіпорын басшылары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 05 Қазан, 2025

Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарды қадірлеу мен сыйлау – халқымыздың берік ұстанған қағидаты. Бұл ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын және қоғамның берекесі мен тұтастығын қалыптастыратын құндылықтардың бірі. Осы ретте Абай обылысы қарттарға айырықша құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отбасы • 05 Қазан, 2025

Жанға жылу сыйлаған жаңа орталық

Биыл мамыр айында ашылған Семей қаласындағы Отбасын қолдау орталығы аз уақыт ішінде өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен азаматтарға жан-жақты көмек көрсететін маңызды әлеуметтік мекемеге айналып үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Таза Қазақстан» • 04 Қазан, 2025

«Семей – Астана» тасжолы тазаланды

Абай облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында полиция департаменті, этно-мәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жас белсенділер бірігіп, қала шетіндегі «Семей – Астана» тасжолы бойын қоқыстан тазартты.

Аймақтар • 02 Қазан, 2025

Жыл кітапханашысы атанды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана дирек­торының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақ­стан кітапханалары одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» аталымына ие болды.

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2025

Жаңа әуе рейсі ашылды

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын әуе рейсте­рінің саны артып келеді. 23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы жолаушылар тасымалдай бастады.

ЖОЛДАУ • 26 Қыркүйек, 2025

«Бақты – Аягөз» теміржол желісі қашан аяқталады?

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елдегі көлік-логистиканы одан әрі дамыту керектігін айта келіп: «Үкімет «Бақты – Аягөз», «Қызылжар – Мойынты» жоба­ларын уақтылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі атал­ған жобалар еліміздегі темір­жол жүйесінің толық қаңқа­сын қалыптастырады», деп қадап айтқан. 2023 жылы басталған жоба 2025 жылы мәресіне жетуге тиіс еді. Пре­зиденттің «жобаларды уақтылы аяқтауға» ай­рықша мән беруінің де төркіні осыдан туындаса керек.

Шаруашылық • 26 Қыркүйек, 2025

Өрістен дүкенге дейін

1993 жылы құрылған «Агрофирма Приречное» кәсіпорны мал және өсімдік шаруашылығын қатар дамытып келеді. Қазір 3 мыңнан аса ірі қара бар. Соның ішінде, қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымы және етті, сүтті сиырлар өсіріледі. 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жаңасемей ауданының Приречное ауылында орналасқан шаруашылықтың егістік жер көлемі – 6 793 гектар. Биыл 1 787 гектарға картоп, көкөніс және мал азығына қажет дақылдар егілген. Өнім сыйымдылығы 14 мың тонна болатын 7 қоймада сақталады.

Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2025

Абайдың айрықша тартуы

Осыдан 140 жыл бұрын, 1885 жылы Абай Құнанбайұлының Семейдегі орыс достарының бірі Нифонт Долгополов жаз айларында ақынның ауылына барып, екі айдай қонақ болады. Қайтып келген соң ол Семейдегі өлкетану музейіне Абай ауылынан әкелінген қазақтың тұрмыс-тіршілігіне қатысты елуден астам зат тапсырыпты.

Руханият • 25 Қыркүйек, 2025

Абай облысында «Жыл кітапханашысы» анықталды

Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева Қазақстан кітапханалары Одағының шешімімен «Жыл кітапханашысы – 2025» номинациясына ие болды, деп жазады Egemen.kz.

Яндекс.Метрика