Аймақтар • Бүгін, 11:45

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және жетім балаларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды, деп жазады Egemen.kz.

Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

Әкімдіктің дерегінше, осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Соның ішінде Ұшақтар кентінде орналасқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін берілді.

Б.Қадыр

Жиынға қатысқан өңір басшысы Берік Уәли жаңа қоныс иелерін қуанышты мезетпен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Игі істердің жалғасы ретінде бүгін біз ерекше сәттің куәсі болғалы отырмыз. Бүгін 26 пәтердің кілті табысталмақ. Ал жақын күндері тағы 34 отбасы осы үйден баспаналы болады. Сонда бір үйдің өзінен ғана 60 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға беріліп отыр. Бұл – жай ғана үй емес, бұл – жаңа өмірге бастар жол, үміт пен сенімнің символы. Сондай-ақ, наурыз айындағы мерекелерде кезегі келген отбасыларға пәтер кілтін табыстаймыз. Қоныс тойы құтты болсын! Жаңа баспана жаңа бақыт әкелсін!», деді ол.

Баспаналы болған тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.

«Біздің отбасымыз үшін бүгін – ерекше қуанышты күн. Себебі, 11 жыл үй кезегінде тұрып, тағатсыздана күттік. Жаңа баспанаға қол жеткізгенімізге ризамыз. Халықтың жағдайын жасап, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз», деді қала тұрғыны Жанна Иманғазина.

Облыс әкімі Семей қаласын абаттандыру жұмысы жалғасатынын, биыл 75 көшеге асфальт төселіп, 100-ге жуық ауланың жаңғыртылатынын айтты. Айта кетейік, былтыр 52 көше асфальтталып, 35 аула абаттандырылған болатын.

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік нысан ашылды

Ұшақтар кентінің дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта жаңа саябақ пен спорттық сауықтыру кешені салынып жатыр. Екі ғимараттан тұратын спорт нысаны – «Самұрық қазына» әл ауқат қоры мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы.

Былтыр Қарағайлы ықшам ауданында 27 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй пайдалануға берілген еді. Биыл «Абай жастары» бағдарламасы аясында тағы 30 пәтер берілмек.

Семей студенттерінің спорттық инфрақұрылымы жаңарды

Соңғы жаңалықтар