Қоғам • Бүгін, 16:56

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Іргелі ауылында жетінші қабаттан 9-қабатқа дейінгі балкондар өртеніп, жалын пәтерлерге тарады, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері келген кезде 7-8-қабаттардағы балкондардың ашық жанып жатқаны анықталды. Өрт жылдам тарады.

Астанада балалар ауруханасы өртенді: Науқастар шұғыл эвакуацияланды

Алғашқы бөлімшелер келгенге дейін 50 адам, оның ішінде 15 бала сыртқа шығып үлгерген.

Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, жалынның одан әрі таралуына жол бермей, жалынды жедел сөндірді. Оқыс оқиғада зардап шеккендер жоқ.

Бұған дейін Түркістан облысының Ащысай ауылында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық құрылыста өрт шығып, жалынның жақын орналасқан құрылыстарға таралу қаупі туды.

Соңғы жаңалықтар