Білім • Бүгін, 10:40

Білім гранты берілді

3 мин
оқу үшін

Шәкәрім университетінде өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты іс-шара биылғы түлектер үшін есте қаларлық ерекше оқиғаға айналды. Балалық шақтан болашаққа қадам басқан «Shakarim High School» мектебінің түлектері арасында «Алтын белгіге» үміткерлер мен білім бәйгесінде топжарған озаттар аз емес.

Білім гранты берілді

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков көпшілікті «Соңғы қоңырау» мерекесімен құттықтай келе, университет базасынан ашылған «Shakarim High School» мектебінің басқа білім беру нысандарынан айырмашылығына тоқталды.

– «Shakarim High School» мек­тебі – заманауи талаптарға сай құ­рыл­ған, болашаққа бағытталған жаңа форматтағы білім ордасы. Мек­тебі­міздің алғашқы оқу жылы қазақ­тың бес арысының бірі, ұлы ойшыл, философ, ақын Шәкәрім Құдай­бер­діұлының 165 жылдық мерей­тойымен тұспа-тұс келуі ерек­ше тарихи әрі рухани мәнге ие болды. Сондықтан мектебіміз тек білім беру мекемесі ғана емес, ұлт­тық құндылықтарды дәріп­тей­тін ру­хани орталыққа айна­лып отыр. Қазір мектебіміз үшінші оқу жылын табысты жалғас­тырып келеді. Бүгінде ­10–­11 сыныптар­да 136 оқу­шы білім алады. Биыл­ғы оқу жы­лын­да бірнеше оқушы­мыз «Алтын белгі» мен «Үздік аттес­татқа» үміт­кер болды. Бұл – ұс­таз­дар мен оқу­шылардың жүйе­лі ең­бегі­нің нәтижесі. Басты мақ­саты­мыз – әлем­дік деңгейде ойлай­тын, көп­тілді, білімді, ұлттық құн­ды­лық­тар­ды бойына сіңірген тұлға қалып­­тастыру. Бүгінде мектеп тек білім беретін орын ғана емес, оқу­шының қабілетін ашатын, өмірге бейімдейтін орта болуға тиіс. Сондықтан балаларға акаде­мия­лық біліммен қатар сыни ойлау, цифрлық сауат, зерт­теушілік, көш­бас­шы­лық, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басымдық береміз, – деді ректор.

Бұл замануи талапқа толықтай сай мектептегі 10–11 сыныпта 136 оқушы білім алады. 2025–2026 оқу жылында «Shakarim High School» мектебінің 7 оқушысы «Алтын белгіге», 7 оқушы «Үздік» аттестатқа тәмамдап жатыр.

– Мектебіміздің басты ерекшелігі – университет базасында құрылуы. Бұл оқушыларға ғылыммен ерте жастан айналысуға мүмкіндік береді. Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құра-мы, жас ғалымдары мен PhD арнайы дәріс өткізіп, ғылыми зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырады. Осы арқылы оқушылар ғылым мен білімнің байланысын терең түсінеді. Биыл 68 түлек мектебімізден қанат қаққалы отыр, – дейді мектеп директоры Бақыт Сейітқалиева.

Шәкәрім университеті 2024 жылы Абай облысы көлемінде 221 білім үздігіне «Шәкәрім білім гранты» сертификатын берсе, биыл облысымыздың 434 «Алтын белгі» үміткеріне сертификат табыстады.

СЕМЕЙ

Соңғы жаңалықтар