Қаза болған балалардың ең кішісі – 2024 жылы туған, қалғандары – 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019 және 2021 жылдары дүниеге келген. Балалардың бесеуі бір отбасынан шыққан – үш қыз және екі ұл. Басқа отбасынан 2018 жылы туған қыз бала аман қалды.
Өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қазіргі таңда барлығы жансақтау бөлімінде жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында қайғылы оқиға болды. Жеке үйде болған өрттен 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қаза тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өрттен қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Үкімет пен облыс әкіміне барлық қажетті көмек көрсетуді және қайғылы оқиғаның себебін анықтауды тапсырды.