Қоғам • Бүгін, 12:31

18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байланыс операторлары шағым түскеннен кейін, сондай-ақ Ұлттық банктің антифрод орталығымен интеграцияланған антифрод жүйелері арқылы алаяқтық белгілері анықталған жағдайда – 2 жұмыс күні ішінде бұғаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 қарашадан бастап алаяқтардың SIM-карталары бұғатталады

Фото: baq.kz

Егер нөмір арқылы алаяқтық әрекеттер жасалғаны расталса, оператор нөмірді уақытша бұғаттайды және бұл туралы антифрод орталығына хабарлайды.
Ал алаяқтық фактісі расталмаса, оператор екі күн ішінде Ұлттық банкті бұл туралы ресми түрде құлағдар етеді.

Телефон арқылы жасалатын алаяқтықпен күресуге бағытталған осы жүйе іске қосылған соң, енді нөмірлерді негізсіз бұғаттау бойынша шағымдардың туындау-туындамауы бақыланады.

18 қарашадан бастап жаңа ереже күшіне енетінін, тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қол қойғанын жазғанбыз.