Аймақтар • Бүгін, 13:23

Солтүстік Қазақстанда қанша ауылдың болашағы жоқ?

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстанда Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың және облыс әкімі Ғауез Нұрмұхаметовтың қатысуымен Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылаған мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда қанша ауылдың болашағы жоқ?

Фото: istockphoto.com

Мәлік Отарбаев ауылдық аймақтардың даму перспективалары цифрлық өзгерістерге байланысты екенін атап өтті. Бүгінде өңірде 590 ауылдық елдімекен болса, соның 300-ден артығы перспективалы деп есептеліп отыр. Бұларда ауыл халқының 82 пайызы тұрады.

Мемлекеттің қолдауымен ауылдық жерлердің өмір сүру жағдайы жақсарып келеді. Қазір ауылдарда жаңа үйлер, мектеп, медициналық мекемелер мен спорттық нысандар салынып жатыр. Аграрлық кешендерде цифрланған озық технологиялар енгізілуде. Мәлік Отарбаев өз сөзінде цифрландырудың осы заманның өзекті талабы екенін атап, Жолдаудың тапсырмаларын сөзсіз орындау елдің дамуына кепілдік беретінін айтты.