Пікір • 29 Қаңтар, 2025

Ел дамуының басым бағыттары

180 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты стра­те­гия­лық міндеттерді белгілеп берді. Президент сөзі биліктің барлық тармағы үшін нақты бағдар болып, еліміз жаңғыру, инновация және орнықты даму жолынан айнымайтынын көрсетті.

Ел дамуының басым бағыттары

Дүниежүзі түбегейлі өзгеріс­ке ұшырап жатқан қазіргі уақыт­та экономикалық дамуға айрық­ша назар аударылып отыр. Бұл ретте, ең алдымен, экономиканы әртараптандыру және орта буынға жататын көшбасшы ком­пания­лар шоғырын қалып­тас­тыру ар­қы­лы өңдеуші өнер­кәсіпті дамыту – маңызды міндет.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жиын барысында эконо­ми­каның маңызды салаларына қосымша жеке инвестициялар тарту қажет екенін атап өтті. Осы­ған байланысты сапалы инвес­ти­ция әкелетін жауапкершілігі жоғары инвесторларға қосымша жеңілдіктер беру мәселесі қарас­ты­рылады. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік беретін несиелеу жұ­мы­сын белсенді жүргізу қажет екені айтылды.

Еліміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымына қатысты серпінді бастамалар да жария­ланды. Осы орайда мультимо­даль­ды көлік тораптарын, темір­­жол дәлізін дамыту және халық­ара­лық әуе хабын құру ауқымды бәсе­кедегі біздің орасан зор ар­тық­шылығымыз болатыны сөз­сіз.

Энергетика саласында алдымызда жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру міндеті тұр. Бұл ретте атом өнер­кәсібін белсенді дамытуды жалғастырып, болашақта елі­мізде ядролық кластер құру­ға мүмкіндік беретін батыл қадамдар жасау қажеттілігі күн өткен сайын өзекті болып келеді.

Президентіміз атап өткендей, бү­гінде цифрландыру және жа­сан­ды интеллектіні дамыту айрық­ша мәнге ие. Алдағы уақыт­та жасанды интеллект құ­рал­да­рын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жұмысында пайдалану басқару үдерісінің ашықтығы мен тиім­ділігін арттыра түсетіні сөз­сіз.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту­ға айрықша назар аудару керек екенін айтты. Фермерлерді жеңілдікпен несие беру, көбі­рек табыс әкелетін дәнді-да­қыл­ға көшу және шикізатты сақтау және оны терең өңдеу мүм­кіндіктерін арттыру арқылы қол­дау ауыл шар­уа­шылығын жаңа өнімділік дең­­гейіне көтеру­ге жол ашады.

Отырыста Президент мем­ле­кет­тік аппарат жауапкершілікке және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға негізделіп, тиім­ді жұмыс істеу керек екеніне де тоқ­­талды. Бұл – «Халық үніне құ­лақ асатын мемлекет» тұжы­­рым­да­масын іске асыру жолын­да­ғы маңызды қадам.

Сонымен қатар сапалы білім­нің қолжетімділігіне, денсау­лық сақтау ісін жаңғыртуға және жаңа, сұранысқа ие жұмыс орындарын қа­лып­тастыруға мән беріліп, әлеу­­­меттік саладағы маңызды ба­сым­­­дықтар белгіленді.

Парламент Сенаты Мем­лекет басшысының реформалар бағдарын заңнамалық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету үшін қа­жет­ті жұмысты жалғастыра береді. Соның аясында алдағы уақыт­та бизнес қоғамдастық өкіл­де­рімен және барлық мүдделі тараппен бірге жаңа Салық және Бюджет кодекстерін әзір­леп, талқылаймыз. Міндетті әлеу­мет­тік медициналық сақтан­дыру жүйесін және ел эконо­микасының түрлі салаларын дамытуға арнал­ған заңна­малық шараларды же­тіл­діру бойынша да кешенді іс қол­ға алынады.

Президент жүктеген мін­дет­­тер­ді сапалы әрі уақ­тылы іске асыру еліміздің жаңа эко­номикалық және индус­трия­­лық келбетін қа­лып­тас­ты­­рады. Мемлекет бас­шы­сы белгілеп берген басым бағыт­тардың әрқайсысы азамат­та­рымыздың әл-ауқатын арттыру және дамыған, инклюзивті, ашық Қазақстан құру жолында нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді. Сондықтан осы бағытта белсенді жұмыс жүргізе береміз.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат төрағасы