Инвестиция • 02 Сәуір, 2024

Инвестицияны қайда салған тиімді?

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Біз инвестициялаудың маңызын енді түсініп келе­міз. Қор нарығы тура­лы түрлі түсіндіру жұ­мы­сы, бірнеше рет өткен IPO жемісін бере бас­та­ған­дай. Тиімді инвес­тиция жасау – келешекте қар­жы­­лық тәуелсіздікке қол жет­­кізудің тамаша жолы. Бірақ аңғарар, мән берер дүние­лер баршылық.

Инвестицияны қайда салған тиімді?

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Елімізде инвестициялаудың ең тиімді әрі кең таралған нұсқасы банк депозитіне ақша жию болып қала береді дейді сарапшылар. Қазіргі уақытта азаматтар екінші деңгейлі банктерде (ЕДБ) 20 трлн теңгеге жуық ақша жинап отыр. Иә, банк сомаға белгілі бір па­йыз­бен сыйақы үстейді, алайда мұны озық инвестициялық табыс деп айтуға келмейді. Банк депо­зи­тінің басты әрі бірегей міндеті – қаражатты инфляциядан қорғау.

Әрі депозиттегі қаржының кө­бейіп-азаюы Ұлттық банк бекі­те­тін базалық пайыздық мөл­шерлемеге тікелей байланыс­ты. Кейінгі бірер жылда ор­наған қатаң ақша-несие сая­саты біраз жеңілдеп, базалық мөлшер­леменің біртіндеп төмен­дей бастағаны бәрімізге аян. Қа­зір мөлшерлеме – 14,75 па­йыз. Оның төмендеуі жағдайында қым­бат сыйлықақыдан үміттене ал­маймыз. Сонда сараптай келе, инвестициялаудың басқа әдіс­те­рінің өзекті болып шыға келе­рін түсінеміз. Мамандар инвес­ти­ция­лау­дың бірнеше балама құрал­да­рын атап өтеді. Олар:

  • Депозиттік сертификат;
  • Бағалы қағаздар нарығы;
  • Монетарлық алтын және инвестициялық монеталар;
  • Жылжымайтын мүлік.

Сарап­шылар депозиттік сертификатты ең қарапайым және өте тиімді инвестициялық құрал дейді. Бұл – банктен сатып алынатын және оны біраз уақыттан кейін оған қайта сатуға болатын бағалы қағаз. Оның бағасын биржа немесе нарық емес, банктің өзі белгілейді. Бұл дегеніміз, банк келісімшарт жасалған кезде белгілі бір мерзім өткеннен кейін клиенттен осы қағазды сатып алып, белгілі бір сыйақы төлейтіндігіне кепілдік береді. Елімізде депозиттік сертификатты тек екі ЕДБ ұсынады.

Ал бағалы қағаздарға инвестиция салу – инвестор осы саланы жақсы түсінген жағдайдағы табысты тарих. Негізінде, инвестор жақсы дайындалған трейдер болуы керек. Қор нарығы қаражатты жо­ғалту тәуекелін тудырады, өйт­кені ол – өте құбылмалы, сон­дық­тан жаңадан бастаушылар үшін инвестицияның бұл түрі жо­ға­ры тәуекел болып саналады.

Сонымен қатар қор нарығын­да­ғы барлық әрекет инвестициялық брокер арқылы жүзеге асырылады, ол өз кезегінде өте жоғары комис­сия алады. Жалпы, биржада ақша табуға болады және едәуір әжептәуір, бірақ бұл бәріне бірдей сәйкес келмейді және көп уақытты қажет етеді.

Енді алтынға көшейік. Қазақ­стан­да мұндай инвестициялар әбден мүмкін, Ұлттық банк сатып алуға алтын құймаларды ұсы­­нады және ұзақ қашықтықта бұл әрқашан тиімді. Дегенмен түсі­ну керек: макро масштабта алтын әрқашан, тіпті жаһандық эко­но­ми­калық дағдарыстар кезін­де де бағаланады, бірақ ол қысқа­мер­зім­ді инвестицияларға жарамайды. Бір жылға немесе одан аз уақытқа инвестициялау кезінде қымбат металдар табыс әкеліп қана қоймай, сонымен бірге шы­ғынға айналуы мүмкін.

«Мұнда және қазір» қымбат метал­дардан түсетін кірісті болжау тіпті талдаушыларға қиын. Баға­ларға әлемдік сұраныс жағ­да­йы әсер етеді және барлық фак­­торды ескеру мүмкін емес. Бағалы ме­тал­дардың құны күн сайын айтарлықтай өзгереді. Мә­се­­­лен, осы жылдың басынан 13 наурызға дейін алтынның ба­ға­сы 6,2%-ға, бір унция үшін 2168,4 долларға дейін өсті. Ал 2022 жылдың басынан бері өсім айтарлықтай 19,7% құрады. Сонымен қатар алтынның орташа жылдық бағасы тұрақты түрде төмендейтін кезеңдер болды.

Инвестицияның тағы бір түрі – инвестициялаудың өте се­німді тәсілдерінің бірі болып са­налатын жылжымайтын мүлік. Жыл­жы­­май­тын мүлікке инвестиция­лау бір­қатар артықшылыққа мүм­кін­дік береді, соның ішінде – жалдау ақысының тұрақты кіріс ағыны, уақыт өте келе жылжымайтын мүлік құны­ның артуы, инфляция­дан қорғау арқылы капиталдың әлеуетті өсуі.

Дегенмен жылжымайтын мү­лікке инвестициялау жалдау төлем­дерінің жоғалуы, күтпеген тех­никалық қызмет көрсету және жөндеу шығындары және нарық­тық конъюнктурадағы теріс өзге­ріс­терге байланысты жылжымай­тын мүлік құнының жоғалуы сияқ­ты белгілі бір тәуекелдерді де қамтиды.