2025 жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5% болды (қарашада – 13,4%). Бұл тауарлар тобы бойынша ең жоғары баға өсімі Ұлытау облысында тіркелді – 16,5%, ал ең төмен көрсеткіш Алматы облысында қалыптасты – 11,8%.
Желтоқсан қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсім қарқыны 11,1%-ға дейін баяулады (қарашада – 11,2%). Ең жоғары мән Ақмола облысында – 13,2%, ең төмені Батыс Қазақстан облысында – 8,6% болды.
Ақылы қызметтер бағасының жылдық өсімі желтоқсанда 12,0%-ға дейін төмендеді (қарашада – 12,3%). Бұл ретте республикалық орташа деңгейден едәуір төмен өсім Маңғыстау облысында байқалды – 8,7%.
Жалпы, Қазақстанда 2025 жылғы инфляция деңгейі 12,3%-ды құрады, ал желтоқсан айындағы инфляция – 0,9%.