Қоғам • 17 Қаңтар, 2026

Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау областық ПД Жангелдин ауылында жоғалған отбасы мүшелері Мейрамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевты іздеу жұмысы тоқталды деген ақпаратты растамады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, іздеу тек азаматтар табылған кезде тоқтайды. Сондықтан іздестіру жұмысы әлі жалғасып жатыр.

Қазіргі уақытта бұл жұмысқа ТЖД қызметкерлері араласып жатқан жоқ. Яғни, бұл құрылым тарапынан іздеу тоқтаған. Осыған дейін құтқарушылар жергілікті Полиция департаментінің ресми сұранысы негізінде жұмыс істеген.

Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды

– Полиция белгілеген барлық аумақ толықтай тексерілді. Іздестіру жұмыстарын жалғастыруға қатысты Полиция департаментінен қосымша бағдарлау немесе жаңа сұраныстар түскен жоқ, - деді ТЖД өкілдері.

Полиция департаменті техникалық қажеттіліктер қажет жағдайда іздестіру жұмысына өзге құрылымдар жұмылдырылып жатқанын хабарлады.

Атырауда жоғалған отбасы: Күйеу баласы мен қызына халықаралық іздеу жарияланды

Соңғы жаңалықтар