Таным • Бүгін, 09:05

Жануарсыз цирк

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бір кездері цирк десе, көз алдымызға тордағы аңдар мен ұзақ жол азабын көрген жануарлар елестейтін. Бүгінде Германиядағы «Circus -Theater Roncalli» бұл түсінікті түбегейлі өзгертіп отыр. Мұнда цирк бар, бірақ жануарлар жоқ.

Жануарсыз цирк

Манежде пілдер мен аттар жүреді, алайда олар тірі емес. Бұл – табиғи көлемде жасалған голографиялық бейнелер. Жарық пен дыбыс үйлескен сәтте көрермен олардың шынайы қозғалысын сезінгендей болады. Ең бастысы, бұл көріністің артында зорлық та, мәжбүрлеу де жоқ.

Цирк басшылығының айтуынша, жаңа формат жануарларға деген қарым-қатынасты қайта қарауға бағытталған. Торлар жоғалды, ал сахнада қиял мен технологияға кең жол ашылды. Осылайша, цирк өнері заманауи талаптарға сай жаңарып келеді. Ал сарапшылар мұндай бастаманы мәдениет пен адамгершіліктің тоғысқан тұсы деп бағалайды. Жануарсыз, бірақ әсерге толы аталған цирк форматы көрерменге бір сәттік таңданыстан бөлек, ой салуды да мақсат етеді.

1976 жылы негізі қаланған «Circus-Theater Roncalli» – Германияның ғана емес, бүкіл Еуропаның цирк өнерін-
дегі айрықша құбылыс. Атақты неміс цирк-театры дәстүр мен жа­ңа­шыл­дықты шебер ұш­тастыра отырып, цирк әлеміне тың көзқарас әкелді. Себебі «Roncalli» – тірі жануарлардан толықтай бас тартып, олардың орнын 3D-голограммалармен алмастырған әлемдегі алғашқы цирктердің бірі. Арыстан, піл, ат секілді цирк символдары енді көрерменге заманауи технология арқылы, жарық пен қиялға толы бейнеде ұсынылады. Бұл шешім циркті әсерлі ғана емес, экологиялық әрі гуманистік өнер кеңістігіне айналдырды.

Цирктің репертуары классикалық жанрларға негізделген. Әуеде қа­лықтаған акробаттар, шебер жон-г­лерлер, күлкі сыйлайтын клоундармен қатар «Roncalli» сахнасында жануарлар көрсетілімі осылайша жаңа технологиялармен байытылып, айрықша әсер қалдырады.

Көрермен үшін ең басты құндылықтың бірі – жылы, отбасылық атмосфера. Цирк аумағында жәрмең­келер ұйымдастырылып, қала тұр­ғындары мен қонақтарына сахна сыртына экскурсиялар өткізіледі. Мұнда әр көрермен өзін ертегі әле­міне енгендей сезінеді. Мобильді форматтағы «Circus - Theater Roncalli» Германия мен Аустрия қалаларын тұрақты түрде аралап, гастрольдік сапармен өнер көрсетіп келеді. «Торсыз цирк» атты бірегей шоуы – классика мен болашақтың үйлесімін көрсететін жарқын мәдени оқиға.

Иә, ұзақ жыл бойы адам баласы таңдану үшін жануарды торға қамап, үйретіп, оларды табиғи ортасынан ажыратты. Бүгінгі қоғам айтулы өнерге енді басқа сұрақ қоя бастады: таңданыс пен жауапкершілік қатар өмір сүре ала ма? Міне, германиялық цирк осы сұраққа өз жауабын ұсынып отыр. Себебі «Roncalli» – жай ғана цирк емес, қиял, мейірім һәм технология тоғысқан өнер мерекесі. Жануарсыз цирк үлгісі Еуропада кеңінен талқыланып, болашақта бұл тәжірибе басқа елдерде де қол­данылуы әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар