Бүгінгі таңда жаңа цифрлық жүйеге 1 924 кәсіпорын автоматты түрде көшірілді, олар бұған дейін қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаған. Сонымен қатар, тізілімде 3 831-ден астам компания авторизациядан өтті.
Жалпы алғанда 3 779 өтінім беріліп, олардың ішінен 90 кәсіпорын өндірістік қызметін бағалау кезеңінен өтіп, Тізілімде тіркелді.
Тізілім қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін растаудың бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастырып, мемлекеттік қолдаудың атаулылығын арттыруға, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге және мәртебенің формалды түрде берілуін болдырмауға бағытталған.
Тізілімге машина жасау саласының, құрылыс индустриясының және жеңіл өнеркәсіптің кәсіпорындары енгізілген, оның ішінде:
- «Өскемен арматура зауыты» АҚ (құбыр арматурасы, оның ішінде шарлы крандар мен мұнай-газ саласына арналған жабдықтар);
- «Asia Trafo» ЖШС (трансформаторлар);
- «Қазэнергокабель» ЖШС (кабель өнімдері);
- «АгромашХолдинг» АҚ (ауыл шаруашылығы техникасы);
- «Каспий Цемент» ЖШС, «Central Asia Cement» ЖШС (цемент);
- «Зерде-Керамика» ЖШС (қаптама плиткасы);
- «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС (аяқ киім).
«Іскер аймақ» шағын кәсіпкерлікті қолдайды
Бизнес үшін маңызды
Бұрын Тізілімге автоматты түрде енгізілген өндірушілерге 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін мынау сайттағы жүйеде мәліметтерді толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтінімді растау қажет.
Тіркеу кезеңінен өтпеген жағдайда кәсіпорын Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімінен шығарылатын болады.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін одан әрі толықтыру жұмыстары жалғасуда.
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?