Әлем • 15 Маусым, 2026

Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін

1 мин
оқу үшін

Жапония Гренландияға сирек жер металдарын өндіру бойынша делегация жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін

Фото: istockphoto.com

Делегация құрамына Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілдері, сауда компанияларының мамандары мен сарапшылары кіреді. Олар жергілікті билік өкілдерімен келіссөздер жүргізбек.

Әлемдегі ең үлкен арал саналған Гренландия – Дания Корольдігіне қарасты автономиялық аумақ. Соңғы жылдары арал сирек жер металдарының қоры мен стратегиялық маңызына байланысты әлем елдерінің назарын өзіне аудартып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландияны бақылауға алу туралы мәлімдеме жасап, НАТО елдері арасында алаңдаушылық туғызған болатын. Трамп мәлімдемесінен кейін Германия, Швеция мен Норвегия өз әскери қызметкерлерін аралға аттандыратынын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар