12 Наурыз, 2010

АДАМ – ҚОҒАМНЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

1224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Кәсіподақтары федерациясында Елбасының дәстүрлі Жолдауында айтылған адам капиталын дамыту мәселесін сөз еткен дөңгелек үстел отырысы болып өтті. “Адам капиталы–еңбек өнімді­лі­гін арттырудағы ең маңызды фак­тор” деген тақырып әңгіме өзегі бол­ған дөңгелек үстелді Қазақстан Кәсіп­­одақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев ашты. Өзінің алдағы даму жолын тұтас онжылдыққа бағыттаған елдің ертеңге сенімі мықты. Кәсіподақтар бұл маңызды құжатты қолдайды, деді өз сөзінде Сиязбек Өнербекұлы. Жолдауда өнеркәсіпті жандан­ды­ру­мен қатар, адам капиталы ж­а­йын­да, яғни оның бәсекеге қабілеттілігі ту­расында да айтылған. Тек эко­но­миканы жаңғыртып қоймай, адам са­насына да өзгерістер енгізу ма­ңызды. Елдің экономикалық әлеуе­тін көтеруде қоғам мүшесінің ын­та­лылығын қалай арттыруға бо­лады. Әрбір адам ел өркендеуі жолында өз үлесін қалай қосуы тиіс? Бұл мә­селені шешуді кешенді қарас­тырған жөн. Ол дегеніміз– жоғары деңгейдегі дұрыс еңбекақы, қай салаға да жаңа технологияларды дендеп енгізу, еңбек қауіпсіз­ді­гі­нің сақталуы, адамдарды түрлі қажет мамандық­тарға даярлау мен қайта даярлау. Сонда біз түпкі мақсатымызға жететін боламыз, деген төраға кез келген қоғамның алға жылжуы мен өсіп, өркендеп дамуының еңбек өнім­ділігі артпай жүргізілуі мүмкін еместігін алға тартып, ал ол өз дәрежесінде болуы үшін алдымен сол еңбек өнімділігін арт­тыратын адамдардың жағ­дай­ларын түзеуге мән беру қа­жет­тігіне тоқталды. Мұнан соң Президент Әкім­ші­лігі Ішкі саясат бөлімі мең­ге­ру­шісінің орынбасары Әлия Ға­лымова, Парламент Мәжілісінің де­путаты, Азаматтық альянс президенті Айгүл Соловьева, “Ақжол” демократиялық пар­тия­сы­ның төрағасы Әлихан Бай­менов, академик Оразалы Сәбден және басқа да жұмыс берушілер бір­лестіктері мен кәсіподақтардың бас­шылары өз ойларын ортаға салды. Жиналғандар кейбір жұмыс бе­ру­шілердің өндірісті қайта жаң­ғырту арқылы еңбек өнімділігін арт­тыруды қаламайтынын, өйткені, ол артық шығынға ұшыратады деп, ке­рісінше арзан жұмыс күшін пай­да­ланғанды жөн санайтын­дық­та­рын сынға алды. Жұмыс берушілер осы­лайша еңбек өнімділігінің арт­пау­ы жұмыс­шы­лар­ға байланысты деген желеуді мал­да­на еңбекақы мөлшерін көтеру мүм­кін емес деген ойды тықпалайды. Түптеп кел­ген­де, бұл эконо­ми­ка­мыз­дың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізеді, сондықтан эконо­ми­каны қуаттан­ды­ру арзан жұмыс күшіне бай­лан­бауы тиіс, деген дөңгелек үстелге қа­тысушылар Үкі­мет пен Пар­ла­мент­ке нақты ұсы­ныс­тар көр­се­тілген қарар қабыл­да­ды. Онда елі­міз­дің бірқатар заңд­ары­на өз­герістер енгізумен қатар, адам ка­пи­талының бәсекелестігін жедел арт­тыру стратегиясының мемле­кеттік тұжырымдамасын әзірлеуді қол­ға алу сынды қадау-қадау мәселелер көрсетілген. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.