Кино
Мәдениет • 27 Қаңтар, 2026
Енді фильмдерді прокатқа шығару мәселесін Сараптама комиссиясы шешеді
Елімізде шетелдік және отандық фильмдерді прокатқа шығармас бұрын оларды арнайы Сараптама комиссиясы қарайтын болады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 22 Қаңтар, 2026
Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?
Лев Толстой өз дәуіріндегі дыбыссыз кинематографияның алғашқы қадамдарына зор қызығушылық танытып, оны «мықты мылқау» деп атаған. Әсілінде, күндердің күні дәл осы «мықты мылқауға» тіл бітіп, өнердің өрісін кеңейтетін әлеуеті барын болжаса керек сұңғыла жазушы. Бірақ бүгінгі гәп ол туралы емес. Толстой айтқан «мылқау» кино уақыт өте тіл қатқанымен, бүгінгі таңда оның кейбір туындылары көрермен назарына жете алмай қайтадан іштей тынып жатқанға ұқсайды. Сөз әлемдік кинофестивальдерде жүлде алып, сыншылардың жоғары бағасына ие болған фильмдердің отандық кинотеатрлардан көрсетілмеуі хақында. Сонымен мәселенің мәніне үңілу үшін, кино мен көрермен арасындағы бірнеше кедергіні зерделеп көрдік.
Кино • 05 Қаңтар, 2026
2026 жылы қандай тақырыптарда кино түсіруге болады?
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 28 Желтоқсан, 2025
Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
2025 жылы мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 24 Желтоқсан, 2025
Атырауда Асанәлі Әшімов түскен кинолар тегін көрсетіліп жатыр
Атыраудағы Batikkami галереясында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі Асанәлі Әшімов түскен таңдаулы кинолардың апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 17 Желтоқсан, 2025
«Аватар» фильмінің жалғасын көрермендер қазақ тілінде тамашалай алады
Disney компаниясының қаржыландыруымен кезекті фильм қазақ тіліне дубляждалды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Желтоқсан, 2025
«Оскар-2026»: алдын ала шорт-парақ жарияланды
Америкалық киноакадемия 98-ші «Оскар» сыйлығының 12 аталымы бойынша шорт-парағын жариялады. Алдын ала іріктеуде «Злая: Навсегда» және «Грешники» фильмдері көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2025
Астанада «КОБА» сериалының премьерасы өтті: қазақы нуар қалай жасалды?
Астанада «КОБА» атты жаңа қазақстандық криминалдық драманың офлайн-премьерасы өтті. Сюжеттің негізінде сүйіктісінің жұмбақ өліміне қатысты істі тергеп, қылмыстық топтың ізіне түсетін арнайы қызмет маманының хикаясы көрсетіледі. Сериалды Кинопоиск платформасынан эксклюзивті түрде көруге болады.
Кино • 08 Қараша, 2025
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрлігіне бұқаралық ақпарат құралдарынан түрлі бағыттағы сұрақтар жиі түседі. Сол сауалдардың бір бөлігі – кино саласына қатысты. Бұл ретте қазақстандықтардың ұлттық мәдениет пен отандық киноның дамуына бейжай қарамайтыны қуантады.
Өнер • 05 Қараша, 2025
Қазақстандық актер Джеки Чанмен бірге киноға түседі
Белгілі қазақстандық актер Рүстем Омаров әлемге әйгілі Джеки Чанның Алматыда түсірілетін халықаралық жобасына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 20 Қазан, 2025
Қазақ киносы әлемдік сахнада қарқынды дамып келеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту мен оны әлемдік деңгейде таныту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. 2020–2025 жылдар аралығында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды. Осы кезеңде қазақстандық фильмдер 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«QAITADAN» фильмі 1 млрд теңгеден астам табыс тапты - министр
Қазақстандық «QAITADAN» көркем фильмі прокатқа шыққанына үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«Qaitadan» фильмі миллиардтық табысқа жетті
Қазақстан киноиндустриясында жаңа тарихи жетістік тіркелді. Режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN» фильмі прокатқа шыққан үш аптаның ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, мемлекеттен бөлінген қаражатты бес есеге артығымен қайтарған алғашқы жоба атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 18 Қыркүйек, 2025
Жаңа «Патруль», «Заманback» және «Qazaq Alemi»: Кинопоиск қазақстандық кинохиттерді ұсынды
Қазақстандық кино нағыз бұқаралық құбылысқа айналды. Енді үздік фильмдерді тек кинотеатрларда ғана емес, онлайн да көруге болады. Кинопоиск қазақстандық прокат көшбасшыларын ұсынады: отбасылық және романтикалық комедиялардан бастап, миллиондаған көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген, көпшілік асыға күткен премьераларға дейін.
Мәдениет • 15 Қыркүйек, 2025
Яндекс Плюс жазылымдағы жаңартулар туралы хабарлайды
Күзде Яндекс Плюс жазылымында елеулі контенттік жаңалықтар пайда болады. Кинопоиск сервисінде «Патруль. Последний приказ» комедиясының жалғасын, сондай-ақ Чемпиондар Лигасын және тағы басқаларын көруге болады.
Мәдениет • 28 Тамыз, 2025
Музыка мен кино: күзге арналған үздік топтамалар
Күз – жайлы кештер мен жаңа оқиғалар үшін ең қолайлы уақыт. Біз сізге көңіл-күйді дұрыс арнаға бұруға көмектесетін фильмдер мен музыкалардың топтамасын дайындадық: олардың бірі – драйв қосу үшін, ал бірі – дәл сол жылылық пен жайлылық сезімін сыйлау үшін қажет.
Кино • 04 Тамыз, 2025
Қазақстанда Кинопоисктың жаңа төл сериалын түсіру жұмыстары басталды
Кинопоиск жергілікті контентті дамытуды жалғастырып жатыр, жақында онлайн-платформа елде өзінің жаңа төл сериалы — Streetхана-ның түсірілімін бастады, деп жазады Egemen.kz.
Кино • 24 Шілде, 2025
Қазақстан Әзербайжанда "Дос-Мұқасан" фильмін таныстырды
Бакуде Қазақ киносының айлығы ресми түрде басталды. Мәдени шара Айдын Сахаман режиссерлік еткен "Дос-Мұқасан" музыкалық драмасының көрсетілімімен ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Кино • 14 Шілде, 2025
«Шатырдағы екеу» фильмі халықаралық фестивальде арнайы жүлдеге ие болды
Қазақстандық «Шатырдағы екеу» фильмі Ресейдің Ярославль қаласында өткен «В кругу семьи» халықаралық кинофестивалі аясында қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Картина ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 13 Шілде, 2025
«Бауырына салу» фильмі Италиядағы беделді кинофестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды
Қазақстандық фильм Италиядағы беделді кинофестивальде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 02 Шілде, 2025
Ведомствоаралық комиссия 16 киножобаны іріктеді
2025 жылы 16 киножоба мемлекеттік қолдауға ие болады. Ведомствоаралық комиссия іріктеуді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Сараптамалық кеңесінің қорытындысы бойынша жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Маусым, 2025
Тротил иісінен тайсалмайтындар
Алматы қаласының іргесіндегі Қараой елді мекенінде шекарашы кинологтардың халықаралық жарысы өтті. Аламанды өткізудегі мақсат, есірткі, жарылғыш заттарды табуға машықтандырылған иттердің иісшілдігін сарапқа салу. Кинологтардың бір-бірімен тәжірибе алмасуларына мүмкіндік жасау.
Кино • 18 Мамыр, 2025
Мәдениет министрлігі отандық киноиндустрияны қолдау бағытында не істеп жатыр?
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңымен реттелетін отандық киноиндустрияны қолдау үшін нақты шаралар қабылдауда.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Антикор Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне байланысты пікір білдірді
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі режиссер Ермек Тұрсыновтың елден кетуіне қатысты пікір білдірді.
Кино • 17 Мамыр, 2025
Қазақстанда Жошы хан дәуірі туралы ауқымды сериалдың түсірілімі аяқталды
Жошы хан мен Алтын Орданың құрылуына арналған «Алтын империя» тарихи сериалының түсірілім кезеңі ресми түрде аяқталды.
Кино • 10 Мамыр, 2025
The Golden Empire телехикаясының соңғы түсірілім кезеңі басталды
The Golden Empire телехикаясының түсірілім тобы өндірістің шешуші кезеңіне кірісті. Бұл кезеңде туындының мазмұнын тереңдетіп, финалға айрықша мағына беретін маңызды көріністерге баса назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет • 06 Мамыр, 2025
Сәуір айында қазақстандықтар не көрді, не оқыды және не тыңдады?
Сәуір айы көзді ашып-жұмғанша өте шықты, алайда артынан көптеген керемет әсер қалдырды. Қандай кітаптар қазақстандықтарға шабыт сыйлады, олар көктем кештерін қандай әуенмен өткізді, оларды қандай фильмдер экран алдына жинады?
Тұлға • 25 Сәуір, 2025
Бүгін – Қалибек Қуанышбаев дүниеге келген күн
Тұп-тура 132 жыл бұрын актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, КСРО-ның халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қалибек Қуанышбаев өмірге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 18 Сәуір, 2025
Жеңіс күні қарсаңында «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімі өтті
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80-жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Елшілігі Софиядағы Ресейлік мәдени-ақпараттық орталықта қазақстандық «1941 жылдың жазы» фильмінің көрсетілімін ұйымдастырды. «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға дипломатиялық корпустың, қазақ диаспорасының өкілдері және болгар киносүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 04 Сәуір, 2025
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақ киносының күндері басталды
Еліміздің өңірлерінде отандық киноны насихаттау жұмысы жалғасуда. Бұл — аса маңызды міндет, оның орындалуы қазақстандық киноиндустрияны жаңа деңгейге көтеріп, әрбір фильмнің өз көрерменін табуына мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.