Фото: Depositphotos.com
Еске салайық, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұлттық фильм мәртебесіне үміткер киножобаларды іріктеу мақсатында жыл сайын конкурс өткізеді. Осыған орай Орталық 2026 жылға арналған киножобаларды іріктеу барысында басшылыққа алынатын басым тақырыптар тізімін жариялап отыр.
Конкурсқа ұсынылатын киножобалар бекітілген басым тақырыптарға сәйкес болуы тиіс.
Биыл әсіресе, отан, туған жерге деген сүйіспеншілік, отбасы (әкелер мен балалар: ұрпақтар сабақтастығы), тарих, оның маңызы мен құндылығы, бүгінгі күннің батырлары: еңбекқор адам бейнесі, қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі: мәдениетке, ғылымға, отбасыға, экономика мен әлеуметтік бастамаларға қосқан үлесі көрініс табуы тиіс.
Өзге тақырыптардың тізімі мынадай:
• Қазақ ертегілері мен эпостары;
• Балаларға арналған фильмдер;
• Тарихи тұлғалар (көрнекті қайраткерлер туралы фильмдер);
• Қоршаған орта, табиғатты қорғау. Жасыл энергетика;
• Қазіргі заманғы Отан қорғаушы бейнесі: ерлік пен жауапкершілік;
• Заңды сақтау, құқықтық тәртіп пен әділетті қоғам құруды нығайту. «Заң және Тәртіп» қағидасы;
• Салауатты өмір салты және спорт тақырыбындағы фильмдер;
• Бірлік пен бейбітшілік (ұлтаралық келісім): мәдениеттер мен халықтар арасындағы құрмет пен ынтымақтастық;
• Қазіргі жастар мәселелері: жаңа буынның құндылықтары мен өмір ерекшеліктері;
• Ауылым – алтын бесігім;
• Ғарыш және ғалам;
• Цифрлық қоғам (жасанды интеллекттің, заманауи технологиялар мен IT-мамандардың рөлі, технологиялар және көпдеңгейлі шынайылық әлемі);
• Ұлттық құндылықтар: туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғатқа құрмет, адалдық, әділдік – мәдени дәстүрдің бір бөлігі ретінде;
• Заманауи батырлар: жас көрерменге үлгі боларлық тұлғалар;
• Достық пен өзара көмектің құндылығы;
• Ізденімпаз және білімді ұрпақ;
• Фэнтези әлемі;
• Балаларға арналған ғылыми-танымдық оқиғалар;
• Біздің Отан: этнографиялық ерекшеліктер, табиғат, өлке тарихы;
• Қоғамның өзекті әлеуметтік мәселелері;
• Танымдық тақырыптар: білім, инновациялар, ғылым мен өнер жетістіктері;
• Туризм;
• Таза Қазақстан;
• Кітап. Білімді ұлт;
• Қазақтың жеті қазынасының бірі – құмай тазы;
• Шет елдермен бірлескен жобалар.